Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қалдан Серен (1693 – 1745) – жоңғар хандығының билеушісі (1727 – 45), қолбасшы. Әкесі Сыбан Раптан 1723 ж. қазақ жеріне басып кіргенде, Қалдан Серен 10 мың қолм

Қалдан Серен

  • Басты бет
  • Қалдан Серен

Қалдан Серен (1693 – 1745) – жоңғар хандығының билеушісі (1727 – 45), қолбасшы. Әкесі Сыбан Раптан 1723 ж. қазақ жеріне басып кіргенде, Қалдан Серен 10 мың қолмен Балқаш пен Қаратауды шапқан.

Қалдан Серен
моңғ. Галданцэрэн хаан
Лауазымы
Жоңғар хандығының қонтайшы
1727—1745
Ізашары Сыбан Раптан
Ізбасары Цэвээндорж
Өмірбаяны
Діні тибет буддизмі
Дүниеге келуі 1693 жыл
Қайтыс болуы 1745 жыл
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Өмірбаяны

Сыбан Раптан өлгеннен кейін таққа отырды. Оның тұсында қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті. Жоңғарлар Жетісудың біраз жерін, Іле Алатауынан Балқашқа дейінгі өңірлерді, Сібір өңірін жаулап алды. Әйгілі Аңырақай, Бұланты шайқастары, Қалмаққырылған оқиғалары осы Қалдан Серен билеген кезеңдерде өтті. Болашақ қазақ ханы, сұлтан Абылай 1741—43 жылы жоңғар тұтқынында отырды (қаласы Абылай). Қалдан Серенмен соғыс барысында қазақ хандығының билеушілері, батырлары бір орталыққа бірігіп, өз еліне қорған бола білді. Осы кезеңде Ресей үкіметі екі жақты саясат жүргізіп, бір жағынан жоңғарлармен тығыз әскери дипломаттық қарым-қатынаста болса, екінші жағынан қазақтарды «өз қамқорлығына алуға» тырысты. 1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін, жоңғар хандығында тақ таласы басталды. Көп ұзамай, 1755-58 жылдары Цин империясы жоңғар мемлекетін жойып жіберді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 22, 2026

    Қазақтың саз аспаптары

  • Наурыз 11, 2026

    Жапония

  • Наурыз 13, 2026

    АҚШ штаттарының тізімі

  • Наурыз 11, 2026

    Астана

  • Наурыз 15, 2026

    Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары