Қайрақты – Бала Қосмұрын жотасының батысындағы шоқылы тау.
| Қайрақты тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | Бала Қосмұрын жотасы |
| Ұзындығы | 3 км |
| Ені | 2,5 км |
| Биіктігі | 1033 м |
| Орналасуы | |
| 48°21′34″ с. е. 81°06′38″ ш. б. / 48.35944° с. е. 81.11056° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°21′34″ с. е. 81°06′38″ ш. б. / 48.35944° с. е. 81.11056° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы Сарыарқа ауылының солтүстігінде 21 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1033 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 2,5 км-ге жуық.
Жер бедері
Беткейлері жарқабақты, сай, аңғарлармен тілімденген. Көптеген ұсақ шоқылардан тұрады. Таудан Балтатарақ, Қарасу өзендерінің салалары және Көкпекті өзeні бастау алады.
Өсімдігі
Таудың ашық қоңыр топырақ жамылғысында сұлыбас, бетеге, қылқан боз, селеу, бұталар өседі.

