Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сеңгір таулары (ағылш. Rocky Mountaіns) — Солтүстік Американың батысындағы (Канада және АҚШ жерінде) тау жүйесі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3200

Сеңгір таулары

  • Басты бет
  • Сеңгір таулары

Сеңгір таулары (ағылш. Rocky Mountaіns) — Солтүстік Американың батысындағы (Канада және АҚШ жерінде) тау жүйесі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3200 км-ге созылған, ені 700 км-дей. Солтүстік Америкадағы Кордильераның шығыс бөлігін құрайды.

Сеңгір таулары
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Кордильера

Пайда болған кезеңі

бордың аяғы, палеоген

Ұзындығы

3200 км

Ені

700 км

Ең биік шыңы

Эльберт тауы

Биіктігі

4399 м

Орналасуы

42°23′ с. е. 115°56′ б. б. / 42.383° с. е. 115.933° б. б. / 42.383; -115.933 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°23′ с. е. 115°56′ б. б. / 42.383° с. е. 115.933° б. б. / 42.383; -115.933 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 АҚШ,  Канада

Сеңгір таулары (Америка Құрама Штаттары)
Сеңгір таулары

Мазмұны

Жер бедері

Көптеген шыңдарының биіктігі 3500 м-ден (Колумбия тауы, 3747 м; Робсон, 3954 м) асады. Ең биік жері — Элберт тауы (4399 м). Тынық және Атлант мұхиттары алабының суайырығын құрайды. Сеңгір таулардан Миссури, Колорадо, Рио-Гранде, Снейк, Арканзас, т.б. өзендері басталады.

Геологиялық құрылымы, пайдалы қазбалары

Сеңгір таулар Ларамий қатпарлығы кезеңінде (бордың аяғы — палеоген) қалыптасып, кейіннен жаңа көтерілімге ұшыраған. Молибден, мыс, алтын, күміс, полиметалл, мұнай, тас көмір кендері шоғырланған. Гейзерлер мен термалды бұлақтар бар.

Өсімдігі

Солтүстік беткейлерінде тайгалық орман, оңтүстігінде қарағайлы орман басым. Ормандардың жоғарғы шекарасының биіктігі 1500 м-ден (солтүстік) 3600 м-ге (оңтүстік) дейін, одан жоғары — альпі шалғыны мен мәңгі қар, мұз тараған. Аңғарлары — дала мен шөлейт. Ірі ұлттық саябақтары: Джаспер, Банф, Йохо (Канадада), Йеллоустон, Роки-Маунтин (АҚШ-та).

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Синай түбегі

  • Сәуір 06, 2026

    Халықаралық қақтығыстар

  • Наурыз 12, 2026

    Рим империясы

  • Сәуір 05, 2026

    Токвиль Алексис

  • Сәуір 06, 2026

    Үлкен Бақтыбай

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары