Коневский осередок – Каспий теңізі жағалауындағы ең ірі арал.
| Коневский осередок | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 28 км² |
| Орналасуы | |
| 46°28′00″ с. е. 49°26′00″ ш. б. / 46.46667° с. е. 49.43333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°28′00″ с. е. 49°26′00″ ш. б. / 46.46667° с. е. 49.43333° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Акватория | Каспий теңізі |
| Ел | |
| Аймақ | Атырау облысы |
| Аудан | Құрманғазы ауданы |
Орналасуы
Атырау облысы Құрманғазы ауданы аумағында орналасқан.
Сипаттамасы
Аралдың ұзындығы 36 км, енді жері оңтүстігінде 10 км-дей, аумағы шамамен 28 км²-ге жуық. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан аралдың жер бедері тегіс келген. Оның бетін төрттік кезеңнің саздақты-құмайтты аллювийлі шөгінділері жапқан. Онда қамыс, құрақ өседі. Елді мекендер, қоныс, қыстаулар жоқ. Соңғы 20 жыл ішінде теңіз деңгейінің біршама көтерілуіне байланысты аралдың біраз бөлігі су астында қалған. Арал жағалаудан 1,5 км алшақ жатыр. Батысында Синее Морцо шығанағы және Үтері (Өтер) теңіз каналы, шығысында балықшылар кемесіне арналған теңіз каналы өтеді. Аралдың орталығын бөлігін (2,5 км-дей) жиі-жиі су басып, арал екіге бөлініп отырады. Қайраң арал болғандықтан теңіз суы таяз (1,5-2 м.), жаз ортасында шалшық суға айналады. Суында балық көп.
