Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Таврия ауданы — 1939-1997 жылдары болған Шығыс Қазақстан облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Таврическое ауылы.

Таврия ауданы

  • Басты бет
  • Таврия ауданы

Таврия ауданы — 1939-1997 жылдары болған Шығыс Қазақстан облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Таврическое ауылы.

Аудан
Таврия ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Кіреді

Шығыс Қазақстан облысы

Енеді

8 ауылдық округ

Әкімшілік орталығы

Таврическое

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

16 қазан 1939 жыл

Таратылған уақыты

23 мамыр 1997 жыл

Тұрғындары
Тұрғыны

16 227 адам (2009)

Мазмұны

Тарихы

Таврия ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылғы 16 қазандағы Жарлығы Киров және Предгорный аудандарын бөлу арқылы құрылды. Орталығы Таврическое ауылы болып, мынадай ауылдық кеңестер енді: Украин, Үшбұлақ (Киров ауданының «Еңбек» ұжымшарынсыз), Бородин, Левобережный, Қызыл, Митрофанов, Пролетар, Таврия, Тройницк, Төлентай; Өскемен ауылдық кеңесі, «Өскемен» шошқа кеңшары.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1954 жылғы 13 тамыздағы жарлығымен ауылдық кеңестер: Қызыл және Левобережный - Левобережныйға, Митрофанов пен Төлентай — Төлентайға біріктірілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен Таврия ауылдық ауданы құрылды. Ауылдық кеңестері: Жаңаөскемен, Аблакет, Егінсу, Қанай, Крупский, Тайынты, Тарғын, Левобережный, Пролетар, Таврия, Төлеген Тоқтаров, Төлентай, Тройницк, Украин, Өскемен.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен ауылдық және өндірістік аудандарға бөлу жойылды.

Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1973 жылғы 28 наурыздағы шешімімен Саратов ауылдық кеңесі құрылды.

Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1974 жылғы 10 шілдедегі шешімімен Левобережный ауылдық кеңесі Азов болып өзгертілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1974 жылғы 26 шілдедегі Жарлығымен Тройницк ауылдық кеңесі Гагарин болып өзгертілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1976 жылғы 22 наурыздағы жарлығымен Жаңаөскемен ауылдық кеңесі Меновнов болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен аудан таратылды, оның аумағы Ұлан ауданына өтті.

Әкімшілік бөлінісі

1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 9 ауылдық кеңес пен 38 елді мекен болған:

Ауылдық кеңес Орталығы Елді мекендері
Азов ауылдық кеңесі Новоазовское ауылы Азовское, Бетқұдық, Қайыңды, Новоазовское
Багратионов ауылдық кеңесі Привольное ауылы Митрофановка, Привольное
Гагарин ауылдық кеңесі Гагарино ауылы Гагарино, Южное
Каменка ауылдық кеңесі Каменка ауылы Каменка, Степное, Тройницкое
Меновный ауылдық кеңесі Меновное ауылы Акимовка, Ахмирово, Басово-Водное, Водное, Левый Берег, Меновное, Новоахмирово, Новотроицк, Новоявленка, Подгорное, Самсоновка
Өскемен ауылдық кеңесі Восточное ауылы Восточное, Донское, Макеевка, Мирное
Саратов ауылдық кеңесі Саратовка ауылы Новоодесское, Отрадное, Саратовка
Таврия ауылдық кеңесі Таврическое ауылы Ақтөбе, Пролетарка, Таврическое
Төлеген Тоқтаров ауылдық кеңесі Герасимовка ауылы Аршалы, Герасимовка, Казачье, Родовка, Тасөткел, Украинка

Халқы

1959 1970 1979 1989
 19520 ▲26612 ▲27968 ▲29121
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Синее Морцо

  • Сәуір 03, 2026

    Шу-Іле таулары

  • Сәуір 07, 2026

    Темірхан Момбекұлы

  • Сәуір 06, 2026

    Сегізаяқ (мағына)

  • Наурыз 13, 2026

    Орбұлақ шайқасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары