Дауыстылар үндестігі — екі немесе көп буынды сөздердегі дауысты дыбыстардың біркелкі жуан (бала, балалар), не біркелкі жіңішке (кісі, әншілер), сондай-ақ не бірыңғай еріндік түтүн (түтін), бүгүнгі (бүгінгі), не бірыңғай езулік (әжелер, тынысты) болып үндесіп айтылуы. Мұны буын үндестігі деп те атайды.
Дауыстылардың ерін үндестігі — сөздің бастапкы буынындағы о, ө, у, у ерін дауыстыларының әсерімен соңғы буындарындағы езулік ы, і, е дауыстыларының еріндікке айналуы. Мысалы: түтүн — түтін, өнөр — өнер. Қазақ тілінде бірінші буындағы ерін дауыстының әсері екінші буыннан аспайды, ал үшінші буында тіпті әлсіз, жоқтын касы: бұрұлыс — бұрылыс, көлөңке — көлеңке. Ерін үндестігі жазуда еленбейді.
Тағы қараныз:
- Дауыссыздар үндестігі
- Сингармонизм
- Грамматика
- Фонетика