Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

«Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметі - XX ғасыр басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым.

Ойыл уәлаяты

  • Басты бет
  • Ойыл уәлаяты

«Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметі - XX ғасыр басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым.


Ол 1918 жылғы сәуір айының соңында Жымпитыда өткен 4-Орал облыстық қазақ сьезінің қарарымен құрылды. Ойыл уәлаятының кұрамына Ілбішін, Орал, Гурьев, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің қазақтар мекендеген аудандары мен Маңғыстау, Ойыл және Бөкей уездері кірді.


Үкімет құрамына 7 адам: Жанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Дәулетше Күсепқалиев, Өлеңті болысының бұрынғы басқарушысы С.Датұлының шөбересі Салық Омаров, Саратов университетінің түлегі, экономист Қалдыбай Асанов, Бағдат университетінің түлегі, Қуанай хазіреттің баласы Ғабдол Қосдәулетов мүше болды.

1918 жылы 11 қыркүйекте Ә.Бөкейхан төрағалық еткен Ж.Досмұхамедұлы және Х.Досмұхамедұлы, А.Бірімжанов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, У.Танашев қатысқан Алашорда үкіметінің шұғыл мәжілісінде «Ойыл уәлаяты» үкіметі таратылды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Жақия (пайғамбар)

  • Наурыз 12, 2026

    Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов

  • Наурыз 21, 2026

    Мыс

  • Сәуір 04, 2026

    Нұрлы Байкенов

  • Сәуір 03, 2026

    Эрнст Геккель

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары