Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Алтынсарин ауданы — Қостанай облысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы — 5,4 мың км². Аудан орталығы — Обаған ауылы.

Алтынсарин ауданы

  • Басты бет
  • Алтынсарин ауданы

Алтынсарин ауданы — Қостанай облысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы — 5,4 мың км². Аудан орталығы — Обаған ауылы.

Қазақстан ауданы
Алтынсарин ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Қостанай облысы

Аудан орталығы

Обаған

Ауылдық округтер саны

9

Ауыл саны

25

Әкімі

Арнұр Маратұлы Сартов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Обаған ауылы, Ленин көшесі, №4

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°29′24″ с. е. 64°32′24″ ш. б. / 52.49000° с. е. 64.54000° ш. б. / 52.49000; 64.54000 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°29′24″ с. е. 64°32′24″ ш. б. / 52.49000° с. е. 64.54000° ш. б. / 52.49000; 64.54000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

9 қазан 1985 жыл

Жер аумағы

6,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

12 430 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (38,51%)
орыстар (38,05%)
украиндар (11,3%)
немістер (5,31%)
татарлар (1,91%)
белорустар (1,43%)
басқалары (3,49%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

10

Алтынсарин ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Алтынсарин ауданы

Мазмұны

Тарихы

Обаған ауданы алғаш рет 1928 жылы құрылды. Орталығы Урицкий ауылы болды.

1935 жылы Обаған ауданынан Урицкий ауданы бөлініп, орталығы Большая Чураковка болып қалды.

1963 жылы 2 қаңтарда Обаған ауданы таратылып, аумағы Қостанай, Семиозёр, Урицкий аудандары арасында бөлінді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының 1985 жылғы 9 қазандағы Қаулысымен Обаған ауданы қайта құрылды. Құрамына Қостанай ауданынан Большечураков, Владимиров, Димитров, Маяковский, Силантьев, Совхозный, Щербаков, Урицкий ауданынан Докучаев, Лермонтов, Новоалексеев, Свердлов, Семиозёр ауданынан Приозёрный ауылдық кеңестері еніп, әкімшілік орталығы Большая Чураковка ауылы болып бекітілді. Ыбырай Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына орай 1991 жылы 5 шілдеде Обаған ауданы Алтынсарин ауданы болып өзгертілді.

Географиялық орны, жер бедері

Солтүстігінде Меңдіқара, батысында Қостанай, шығысында Сарыкөл, Қарасу, оңтүстігінде Әулиекөл аудандарымен шектеседі.

Аудан Қостанай облысының солтүстік және орталық бөлігінде, Батыс Сібір жазығындағы Тобыл, Обаған өзендерінің суайрығында орналасқан. Жері жазық, теңіз деңгейінен 150—200 м биіктікте. Кен байлықтарынан саз, боксит, қоңыр көмір барланған.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы қоңыржай жылы. Қаңтардағы орташа температура — -17—-18°С, кей жылдары -40°С-тан төмен, шілдеде — 21—22°С, кей жылдары 37°С-қа дейін жоғарылайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм шамасында. Су қоры шығысында Обаған өзенінің орта ағысын, оңтүстік-шығысында Құсмұрын көлінің солтүстік бөлігінен және көптеген ірілі-ұсақты көлдерден тұрады. Ірілері: Талы, Байжарық, Ұзынкөл, т.б. Топырағы тұтастай қара қоңыр және сортаң қара қоңыр. Бетеге, селеу аралас әр түрлі шөптер өседі. Ауданның солтүстік-батысын Арақарағай орманы, солтүстік-шығысын Сарыкөл орман шаруашылығына қарасты қайыңды тоғайлар алып жатыр. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, орманда аздап бұлан мен тиін; құстардан бүркіт, кезқұйрық, қарақұр, жазда көл мен өзен бойларында қаз, үйрек, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, аққу, т.б. мекендейді.

Халқы

1939 1959 1989 1999 2009 2021
 21412 ▼19931 ▲32542 ▼20367 ▼15688 ▼13330

Тұрғындар саны – 13 846 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 37,74%, орыстар – 38,34%, украиндар – 11,85%, немістер – 5,29%, татарлар – 1,85%, беларустар – 1,51%, басқа ұлт өкілдері – 3,42%.

Әкімшілік бөлінісі

25 елді мекен 1 ауылдық әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Димитров ауылдық округі Танабай ауылы 2 ▼723
Қызыл Кордон ауылдық округі Қызыл Кордон ауылы 1 ▼848
Мәриям Хакімжанова ауылдық округі Щербаково ауылы 4 ▼2329
Новоалексеев ауылдық әкімдігі Новоалексеевка ауылы 1 ▼657
Обаған ауылдық округі Силантьевка ауылы 5 ▼3179
Омар Шипин ауылдық округі Первомайское ауылы 2 ▼609
Свердлов ауылдық округі Свердловка ауылы 1 ▼880
Үлкен Чураков ауылдық округі Үлкен Чураковка ауылы 5 ▼1954
Ілияс Омаров ауылдық округі Ілияс Омаров ауылы 4 ▼1446

Ірі елді мекендері

Елді мекен Халқы
(2021)
Щербаково ▲1784
Силантьевка ▲1655
Үлкен Чураковка ▼1443
Свердловка ▼880
Қызыл Кордон ▼848
Новоалексеевка ▼655
Докучаевка ▼575
Танабай ▼564
Кіші Чураковка ▲559
Обаған ▲516

Шаруашылығы

Аудан негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды аумағы 345,1 мың га, оның 221,3 мыңы егістік, 0,5 мыңы шабындық, 117,8 мыңы мал жайылымы. Аудан арқылы Қостанай—Көкшетау–Қарасу темір жолы және Қостанай—Көкшетау—Қарасу автомобиль жолдары өтеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Омар Һайям

  • Сәуір 06, 2026

    Ядролық реакция

  • Наурыз 22, 2026

    Ауа райы

  • Сәуір 07, 2026

    М (кирил)

  • Сәуір 07, 2026

    О (кирил)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары