Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Теңіз дауылында» — толық метражды көркем фильм. 1958 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.

Теңіз дауылында

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Теңіз дауылында
Шквал
Фильмнің постері
Жанры

драма

Режиссёрі

Қуат Әбусейітов, Владимир Фейнберг

Сценарийдің авторы

Людмила Иванусьева

Басты рөлдерде

Николай Ангаров, Мария Кремнева, Юрий Прокопович

Операторы

Михаил Аранышев

Сазгері

Александр Зацепин

Кинокомпания

Қазақфильм

Ұзақтығы

74 минут

Мемлекет

 КСРО

Тілі

орыс

Шыққан жылы

1958

IMDb

ID tt10438492

«Теңіз дауылында» — толық метражды көркем фильм. 1958 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.

Сюжеті

Каспий теңізі жағасындағы бір балық комбинатында капитан Ермак, оның әйелі, жас штурман Панна мен оның қызы Томкадан құрылған қарапайым еңбек жанұясы жұмыс істеп, өмір сүреді. Жанұяның өмірі алғашқыда кәдімгі қалыптасқан кертартпа тәртіп болып көрінеді, алайда оның ішінде шиеленісті ізденістерге, жанкешті қылықтарға орын бар.

"Шквал" балық аулау сейнеріне ихтиолог Тоня Тихонова және балық комбинатының бас инженері Рязанов жол тартады. Тоня Рязановты ұнатады, бұл махаббат оны толғандырады. Рязановқа Ермактың әйелі Паннада құштар. "Шквал" Крутая теңіз кірмесіне жол тартады. Ол жақта олар жақсы балық түсіміне үміттенеді. Рязанов Паннамен бірге планктон құрамын тексеру үшін айлаққа барады. Балықшылар асығады - дауыл күтілуде. Жолда дауылға түсіп қалған "Шквал"-дың қозғалтқышы істен шығады. Ермак командасына "Тонкорус" сейнеріне көшуге бұйрық беріп, өзі "Шквал" сейнерінде қалады.

Рөлдерде

  • Ермак — Николай Ангаров
  • Панна — Мария Кремнева
  • Рязанов — Юрий Прокопович
  • Әлібек — Қапан Бадыров
  • Паннаның анасы — Мария Брандт
  • Рабиға — Хадиша Бөкеева
  • Поздняков — Павел Кайров
  • Балықшы әйел — Сәбира Майқанова
  • Томка — Наталья Мирошниченко
Жоғары