Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Беруни (қарақ. Beruniy, Беруний, өзб. Beruniy, Беруний), 1957 жылға дейін Қият деп аталған, қала (1962 жылдан бастап), Қарақалпақстан (Өзбекстан) Беруни ауданын

Беруни (қала)

  • Басты бет
  • Беруни (қала)

Беруни (қарақ. Beruniy, Беруний, өзб. Beruniy, Беруний), 1957 жылға дейін Қият деп аталған, қала (1962 жылдан бастап), Қарақалпақстан (Өзбекстан) Беруни ауданының әкімшілік орталығы.

Қала
Беруни
қарақ. Beruniy
Әкімшілігі
Ел

 ӨзбекстанӨзбекстан

Республика

Қарақалпақстан

Аудан

Беруни ауданы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°41′00″ с. е. 60°45′00″ ш. б. / 41.68333° с. е. 60.75000° ш. б. / 41.68333; 60.75000 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°41′00″ с. е. 60°45′00″ ш. б. / 41.68333° с. е. 60.75000° ш. б. / 41.68333; 60.75000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

24 желтоқсан 1962

Бұрынғы атаулары

Қият, Шабаз

Қала статусы

1962

Орталығының биiктігі

87 м

Тұрғындары
Тұрғыны

66 019 адам (2018)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+998 6157

Пошта индексі

230200

Беруни картада
Беруни
Беруни
Беруни картада
Беруни
Беруни
Беруни шекарасы
Map

Ежелгі Хорезмнің астанасы болған. Осы қалада атақты парсы ойшылы, ғалым әл-Бируни дүниеге келген.

Мазмұны

Географиялық орны

Беруни қаласы Әмудария өзенінің солтүстігінде Өзбекстан мен Түрікменстанның шекарасына жақын жерде орналасқан. Ташкенттен батысқа қарай 936 км, Хиуадан солтүстікке қарай 55 км жерде орналасқан.

Климаты

Қаланың климаты күрт құбылмалы. Абсолюттік максимум 44 градус цельсий (шілдеде), абсолюттік минимум -13 градус цельсий (қаңтарда).

Тұрғындары

1968 жылы Беруниде 18 000 адам, 1970 жылы — 23 000, 2000 жылы — 51 000, 2004 жылы — 50 700, 2018 жылы — 66 019 адам тұрды. 2020 жылға қарай тұрғындар саны 68 100 адамға дейін өсті.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық

Беруни — шағын қала. Ол халық саны бойынша өз елінде (Өзбекстан) 35-орында және өз аймағында (Қарақалпақстан Республикасы) 5-ші орында. Оның жаһандық рейтингі шамамен 8543-ші орында.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Жаңабазар (18 км), Үргеніш (20 км), Бостан (21 км), Ханқа (24 км), Төрткөл (25 км), Гүрлен (34 км), Шауат (38 км), Хиуа (47 км), Хазарасп (49 км), Дашоғыз (66 км, Түрікменстан), Пітнақ (71 км), Маңғыт (73 км), Газошақ (78 км, Түрікменстан).

Тарихы

Ойшыл Әбу Райхан әл-Бируни қаланы Х ғасырда маңызын жоғалтқан Хорезм астанасы деп атайды. Қиятта, сол кезде Беруни қаласы осылай аталды, 990-жылдары әл-Бируни астрономиялық зерттеулер жүргізді.

1953 жылы қала үлгісіндегі Шабаз елді мекені құрылып, 1957 жылы, осында дүниеге келген атақты ғалым әл-Бирунидің құрметіне аталды.

X ғасырдың аяғындағы «Худуд әл-әләм» (әлем шекаралары) географиялық еңбегінің анонимді парсы авторы былай дейді: «Қият — Хорезмнің басты қаласы, Түркістан ғұзының қақпасы, түркілердің, Түркістанның, Мәуереннаһрдың және Хазар өлкесі тауарларының сақтау қоймасы, көпестердің тоғысқан жері... Қаланың байлығы зор. Ол жақтан жастық жамылғылары, сырып тігілген киімдер, мақта бұлдар, киіз, рухбин (сырдың бір түрі) тасып әкеледі».

1962 жылы Беруни қала мәртебесін алды. 1969 жылы 13 наурызда Әмудария өзенінің тасқынының салдарынан қаланың бірнеше ғимараты су астында қалып, зақымданғанымен, кейінгі жылдары бәрі қалпына келтірілді.

Экономикасы және инфрақұрылымы

Беруни ұйымдары ауыл шаруашылығы кешеніне қызмет көрсетіп, жер қазатын техникаларды жөндейді. Беруни фирмалары мен компаниялары банк, телекоммуникациялық және автокөлік қызметтерін көрсетеді.

Беруни кәсіпорындары иірілген жіп, трикотаж кенепі және трикотаж бұйымдарын, жіптерді шығарады. Қалада мақта тазалау зауыты бар, аяқ киім өндірісі жөнге салынды. Қалада орта мектептер, музыка және спорт мектептері, кітапханалар, мәдениет үйі, мұражай, аурухана бар.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Әбілтай Қастеев

  • Сәуір 06, 2026

    Жаңаарқа ауданы

  • Наурыз 23, 2026

    Сұлтан Бейбарыс

  • Наурыз 10, 2026

    Жіктік жалғау

  • Сәуір 04, 2026

    Грегориан күнтізбесі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары