Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тұрғылықты және жартылай тұрғылықты түрлері кездеседі. Жалаңаш төс қыры құрсақ жүзбеқанаттарынан соң орналасқан, анал жүзбеқанаттары ұзын. Еуразия су қоймаларын

Табан балық

  • Басты бет
  • Табан балық

Табан балықтар (Abramis) — тұқы балықтар тұқымдастарына жатады.


Тұрғылықты және жартылай тұрғылықты түрлері кездеседі. Жалаңаш төс қыры құрсақ жүзбеқанаттарынан соң орналасқан, анал жүзбеқанаттары ұзын. Еуразия су қоймаларында 3 түрі таралған: бентофаг табан балық, ақкөз балық және планктонофаг көктыран. Ең кең таралғаны табан балық. Дене ұзындығы 50 см, сапмағы 5 кг дейін. Солтүстік, Балтық, Ақ Баренц, Қара, Азов, Каспий және Арал теңіздері бассейінін тұрғылықты және өтпелі түрлерін құрайды. Бағалы кәсіпшілік балықтар.

Республиканың барлық табиғи су алаптарында тараған. Әдетте ағысы жай және нулы суларда тіршілік етеді. Жыныстық жағынан 2 – 4 жасында жетіледі. Уылдырығын шілденің соңы – тамыздың басында (жасы, көлеміне қарай 383 мыңдай), су температурасы 14°С болғанда, судың таяз, шөбі қалың жерлеріне салады. Табан балықтар қорек талғамайды, зоопланктон, зообентос, өлексемен (детритпент) қоректене береді. Кәсіптік маңызы бар балық, қақталған, тұздалған, ысталған, жас түрінде тағамға пайдаланылады. Табан балықты қолдан да өсіреді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Жақия (пайғамбар)

  • Сәуір 04, 2026

    Еділ-Дон каналы

  • Сәуір 08, 2026

    Бөрілітөбе (ауыл)

  • Наурыз 29, 2026

    Бүйрек

  • Сәуір 06, 2026

    Күлше қыз-Назымбек

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары