Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қарашаш ана, Айша Xатун – ортаазиялық ойшыл, ислам уағызшысы, сопылық ақын Қожа Ахмет Ясауидің анасы.

Қарашаш ана

  • Басты бет
  • Қарашаш ана

Қарашаш ана, Айша Xатун – ортаазиялық ойшыл, ислам уағызшысы, сопылық ақын Қожа Ахмет Ясауидің анасы.

Қарашаш ана кесенесі.

Аңыз-әңгімелер, жазбалар

Қарашаш ана туралы деректер аз кездеседі. XVII ғасыр аяғындағы аңыз-әңгімелер бойынша ол – Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим атаның ең танымал шәкірттерінің бірі болған Мұса шейхтың қызы. XVII ғасыр аяғындағы аңыз-әңгімелерде оны XIII ғасыр соңында Ташкенттің "әулиесі" болған Омар Багистани шейхтың қызы, қарындасы немесе немере қарындасы болған дейді (Девин ДиУис). Деректер мен аңыздарда Айша бибі қарахандықтар кезеңінің білімді және тақуа әйелдердің бірі ретінде суреттеледі.
Ясауидің шешесінен жастай айырылғанына қарағанда Қарашаш ана 1099-1100 жыл шамасы қайтыс болған.
Айша хатун қайтыс болғаннан кейін тұрғызылған Қарашаш ана кесенесінің киелі дәстүрі Қожа Ахмет Ясауидің анасы болып, ол қайтыс болғаннан кейін осы жерге тұрғызылған деген аңызға айналған әңгімелерге сүйенеді. Жазба деректер бойынша, ең бастысы "Мадинат-әл-Байда мен Испиджаб әулиелерi хақындағы трактаты" (XVII ғасыр соңы-XVIII ғасыр басы) мен XIХ-ХХ ғасырлар басындағы фольклорға негізделеді. Сол уақытта ескерткіштің қазіргі атауы пайда болған – аңыз-әңгімелер бойынша кесене күмбезінің ұшар басына Қожа Ахмет Ясауи анасының бір бұрым қара шашы байланған, осылайша оның лақап есімі мен кесененің аты – "Қарашаш ана" пайда болады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 13, 2026

    Андроново мәдениеті

  • Наурыз 12, 2026

    Кіші жүз

  • Сәуір 07, 2026

    Ақадыр ауданы

  • Сәуір 07, 2026

    Әлен Жеңісханұлы

  • Сәуір 08, 2026

    Ерейментау таулары

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары