Сарымолдаев (1992 жылға дейін — Кузьминка) — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, Сарымолдаев ауылдық округі орталығы.
| Ауыл | |
| Сарымолдаев | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Ауылдық округ орталығы |
| Облысы | Жамбыл |
| Ауданы | Меркі |
| Ауылдық округі | Сарымолдаев |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 42°52′11″ с. е. 73°13′51″ ш. б. / 42.86972° с. е. 73.23083° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°52′11″ с. е. 73°13′51″ ш. б. / 42.86972° с. е. 73.23083° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1930 |
| Бұрынғы атаулары | Кузьминка |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▲11556 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Телефон коды | +7 72632 |
| Автомобиль коды | 08 |
Сарымолдаев шекарасы | |
Географиялық орны
Аудан орталығы – Меркі ауылының шығыс іргесінде, сұлыбас, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен тау алдының қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.
Халқы
| 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 8422 | ▲11556 | 137,2 | 4212 | ▲5804 | 137,8 | 4210 | ▲5752 | 136,6 |
Тарихы
Ауыл 1991 жылға дейін "Кузьминка" деп аталып келген. Іргесі 30-жылдары қаланды. 1936 – 97 жылдары қызылша өсіретін «Красный восток» ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Сарымолдаев ауылында және округке қарасты Екпінді, Ойтал ауылдарында «Жылыбұлақ» АҚ, «Ақарал», «Талдыбұлақ» ӨК-тері ұйымдастырылған.
Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" романында ауылдың бұрынғы аты Маңырақ болғандығы жазылған.
Инфрақұрылымы
2 орта, 1 орталау, 1 бастауыш мектеп, 1 мәдениет үйі, кітапханалар, 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Ауылда аудандық "Меркі тынысы" баспасы, аудандық сот мекемесі, жолаушылар тасымалдау кәсіпорыны, өрт сөндіру мекемесі, аудандық зейнетақы төлеу орталығы, бір мектеп-интернат, "Болашақ" колледжі орналасқан.
Ауыл іргесінен Қызтоған өзені өтеді.


