Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Теңіз ауылдық округі (2007 жылға дейін Приморье ауылдық округі) — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.

Теңіз ауылдық округі (Атырау облысы)

  • Басты бет
  • Теңіз ауылдық округі (Атырау облысы)

Теңіз ауылдық округі (2007 жылға дейін Приморье ауылдық округі) — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.

Қазақстан ауылдық округі
Теңіз ауылдық округі
Облысы

Атырау облысы

Ауданы

Құрманғазы ауданы

Округ орталығы

Теңіз

Енеді

4 ауыл

Тұрғыны (2021)

▲1836

Әкімі

Мұзафар Мұрадым

Округ әкімдігінің мекенжайы

Теңіз ауылы, Исатай көшесі, №29

Бұрынғы атаулары

Приморье ауылдық округі

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Автомобиль коды

06

Телефон коды

+771233

Пошта индексі

060411

 Басқа мағыналар үшін Теңіз ауылдық округі деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Әкімшілік құрамы

Құрамына Теңіз, Құмарғали, Дәулет, Шайхы ауылдары кіреді. Орталығы – Теңіз ауылы.

Географиясы

Теңіз ауылдық округі Құрманғазы ауданының оңтүстігінде Каспий теңізімен шектесіп жатыр. Сондықтан Приморье аталып кеткен. Округтің жер көлемі 3203 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылық алқабы - 472 га, егістік - 14 га, шабындық - 33 га, жайылым - 423 га.[дереккөзі?]

Халқы

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1836 адамды (915 ер адам және 921 әйел адам) құрады.

Теңіз ауылдық округі бойынша 1692 адам, 353 отбасында 314 үйде тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді топқа жататындары, яғни еңбек ету жасындағылар 955. Осы еңбекке жарамды 955 адамның 880-і аудан, село көлеміндегі әртүрлі заңды тұлғалар мен шаруашылық субьектілерінде және бюджеттік мекемелерде тұрақты жұмыс жасайды. Өз шаруасымен айналысатын адамдар саны 196, студенттер саны - 97, жұмыссыз адамдар саны - 24 адамды құрайды.[дереккөзі?]

Тарихы

Теңіз ауылдық округінің тарихы 19-ғасырдан басталады. Орыс көпестерінің өзен сағасына келіп балық шаруашылығымен айналысуына байланысты отырықшы елді мекен пайда болған. Аудандағы алғашқы 4 мектептің бірі осы Телячье селосында 1887 жылы ашылған. Телячьеден 3 км жерде, оңтүстікке қарай атақты Гордеев батағасы орналасқан еді. Ол басқа батағаға қарағанда анағұрлым үлкен еді. Ол батағаның айналасында 30–40 үй болған. Телячье, Ковалев және Гордеев ауылдарын нанмен қамтамасыз ететін наубайхана, үлкен дүкен, монша, батағаның көптеген адам жұмыс жасайтын кеңсесі, өртсөндіру мекемесі болған. 1930 жылы жергілікті кеңес құрылды. Кейіннен колхоздар біріккенде Еңбекші, Калинин селолық кеңестерінің құрамына енген. 1965 жылы мал бордақылау совхозы құрылғаннан кейін селолық Кеңес қайта ұйымдастырылған.

Инфрақұрылымы

Ю.А.Гагарин орта мектебі, «Айсамал» балабақшасы, ауылдық емхана, ауылдық клуб, кітапхана, пошта және байланыс бөлімшелері, 17-шаруа қожалығы, 17-жеке касіпкер, 9-сауда саттық дүкені, 1-мейрамхана, 1-стационарлық жанар-жағар май құю бекеті тұрғындарға қызмет етіп келеді.

Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер

  • Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискі
  • Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тұрған үйлеріне орнатылған мемориалдық тақталар
  • Азамат соғыстарының боздақтарына қойылған обелискі
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Жер сілкіну

  • Сәуір 02, 2026

    Орыс тілі

  • Сәуір 05, 2026

    Айқым (ауыл)

  • Сәуір 04, 2026

    Атмосфера (мағына)

  • Сәуір 04, 2026

    Ұйғыр тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары