Ұзынағаш — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, аудан (1934) және Ұзынағаш ауылдық округі орталығы.
| Ауылдық округ | |
| Ұзынағаш | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | аудан орталығы |
| Облысы | Алматы |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 43°12′58″ с. е. 76°18′54″ ш. б. / 43.21611° с. е. 76.31500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°12′58″ с. е. 76°18′54″ ш. б. / 43.21611° с. е. 76.31500° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1929 |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 47 820 адам (2023) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 05 |
Ұзынағаш шекарасы | |
Географиялық орны
Облыс орталығы - Қонаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 121 км, Алматы қаласынан батысқа қарай 44 км жерде, Қарасу және Ұзынағаш өзендері аралығында, Іле Алатауының сайлы-жыралы келген солтүстік етегінде, бұта, ши аралас бетеге, қау, селеу өскен тауалдының сұр, сортаңды сұр топырақты шөлейтті белдемінде орналасқан.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 23887 | ▲30585 | ▲46159 | 150,9 | 14948 | ▲23153 | 154,9 | 15637 | ▲23006 | 147,1 |
Тарихы
1929-56 жылдары Ленин атындағы және 1956-97 жылдары өзімен аттас сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Ұзынағаштағы бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелердің басым көпшілігі жекешелендірілді. Олардың негізінде ЖШС, өндірістік кооперативтер мен акционерлік қоғамдар, т.б. шаруашылық субъектілері құрылды. Аудандық бағыныстағы коммуналдық шаруашылық, электрлі энергия желісі, баспахана, телекоммуникация, байланыс бөлімшелері, т.б. мекемелер бар.
Инфрақұрылымы
Аурухана, емхана, дәріхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, санэпидстанса, мектеп, мектеп-интернат, спорт мектебі, кітапхана, мәдениет үйі, клуб, стадион, мешіт, қонақ үйі, т.б. әлеуметтік және мәдени ошақтар жұмыс істейді. Ұзынағаш жанынан республикалық дәрежедегі Алматы-Шымкент автомагистралі өтеді.


