Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Моңғол тілі, халха тілі (монгол хэл; {mongɣol xele} ) — моңғол халқының тілі. Моңғол тілінде Моңғолия, Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиясы мен Ганьсу, Цинхай, Хэ

Моңғол тілі

  • Басты бет
  • Моңғол тілі

Моңғол тілі, халха тілі (монгол хэл; {mongɣol xele} ) — моңғол халқының тілі. Моңғол тілінде Моңғолия, Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиясы мен Ганьсу, Цинхай, Хэйлунцзян, Синин, Шыңжаң өлкелерінде тұратын жергілікті халық сөйлейді. Моңғол тілі бурят, қалмақ тілдеріне жақын. Ол бірнеше жергілікті ерекшеліктерге ажыратылады: шығыс диалектісіне хорчин, харачин, арухорчин говорлары; орталық диалектіге халха, чахар, ордос; батыс диалектісіне амашан, эдзин, кукунор говорлары жатады. Әдеби тілі халха диалектісі негізінде қалыптасқан. Көне жазба ескерткіштері сақталғанымен, Моңғол тілі ұлт тілі ретінде 14 – 16 ғасырларда қалыптаса бастады. Моңғол тілінің фонетикасында сингармонизм заңы орын алған, ң, дж, дз дыбыстары н, ж, з әріптерімен таңбаланады, б, в дыбыстары байырғы сөздерде бір дыбыстың нұсқалары болып табылады. В қысқа у-дың орнына пайдалыналды. Л, р дыбыстары сөз басында келмейді, к, п, ф фонемалары өзге тілден енген сөздерде ғана кездеседі. Дауысты дыбыстары қысқа және созылыңқы келеді (харах-қарау, көру, хаагдах-жабылу). Моңғол тілі лексикасында көне түркі, маньчжур, тибет, санскрит, қытай тілдерінен енген сөздер жиі кездеседі. Қазіргі тілінде орыс сөздері көбірек. Моңғол жазуы 1942 жылдан кирил әліпбиіне негізделді. Алфабиті 35 әріптен тұрады. Дауысты 13, дауыссыз 20 , дыбыс белгіленбейтін 2 әріп бар.

Дәстүрлі моңғол жазуы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Қазақстан Республикасы

  • Сәуір 05, 2026

    Кариб теңізі

  • Наурыз 21, 2026

    Ауыз әдебиеті

  • Наурыз 12, 2026

    Шығыс Қазақстан облысы

  • Сәуір 08, 2026

    Қарқаралы округі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары