Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қызыр хан (? - 1361) — Алтын Орданың 1360—1361 жылдары билік еткен ханы, Сасы Бұқаның ұлы. Қызыр хан Орда Ежен әулетінен шыққан тұңғыш алтынордалық хан болды.

Қызыр хан

  • Басты бет
  • Қызыр хан

Қызыр хан (? - 1361) — Алтын Орданың 1360—1361 жылдары билік еткен ханы, Сасы Бұқаның ұлы. Қызыр хан Орда Ежен әулетінен шыққан тұңғыш алтынордалық хан болды.

Қызыр хан
Қызыр хан
Қызыр хан Русь жылнамаларында
Лауазымы
Алтын Орданың 15-ші ханы
1360 — 1361
Ізашары Наурыз хан
Ізбасары Темір Қожа хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 1361 (1361)
Династия Орда Ежен әулеті
Әкесі Сасы Бұқа
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Басқаруы

Қызыр «Ескендір Анонимінде» Алтын Орданың сол қанатының ханы Сасы Бұқаның ұлы деп көрсетілген. 1359 жыл ол өзін Гүлстанда хан деп жариялады. 1360 жылы Наурыз ханның иеліктеріне басып кіріп, орда ақсүйектерімен құпия келіссөздер жүргізе бастады. Нәтижесінде олар Наурызды Қызырға ұстап берді. Қызыр Наурыз ханды, оның әйелі Тайдула мен Наурыздың ордалық серіктерін қырып тастады. «Ескендір Анонимінің» хабарлауынша, Қызыр бір жылдай билік еткен. Русьтағы болып жатқан істерге Қызыр араласып отырды. Руське елші жіберіп, мәскеу кнәзі Дмитрий Ивановичты өзіне шақырған. Дмитриймен қоса, Қызырдың сарайында Андрей Константинович Суздальский інісімен, Константин Васильевич (ростов кнәзі) және Михаил Ярославский болған. Ұлан-ғайыр аумақты басқарған (оның дәлелі ол Гүлістан, Жаңа Сарайда, Хорезмде және Азақта теңге соқтырған). Хандықты басқаруда темірдей тәртіпке арқа сүйеген. Қанша шаралар жасаса да үлкен ұлы Темір Қожа ұйымдастырған сарай төңкерісі нәтижесінде қаза болды.

Сілтемелер

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Қоғам

  • Сәуір 09, 2026

    Жамбас сүйек

  • Сәуір 08, 2026

    Көкшетау ауданы

  • Сәуір 05, 2026

    Еділ қаған

  • Наурыз 11, 2026

    Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары