Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Оспан ауыл молдасынан сауатын ашып, ескіше хат таныған. Зейнеп, Торымбала, Еркежан деген әйелдері болған. Өзінен бала болмай, Абайдың Әубәкір, Бәкизат деген ұлы

Оспан Құнанбайұлы

  • Басты бет
  • Оспан Құнанбайұлы

Оспан Құнанбайұлы (1852-1891) - Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы. Абайдың өзіне тетелес інісі.

Оспан ауыл молдасынан сауатын ашып, ескіше хат таныған. Зейнеп, Торымбала, Еркежан деген әйелдері болған. Өзінен бала болмай, Абайдың Әубәкір, Бәкизат деген ұлы мен қызын тәрбиелеп есірген. Оспан ақ пейіл де жомарт, ісіне тыңғылықты, дұшпанына мейірімсіз, досына құшағы ашық, алған бетінен қайтпайтын қайсар, балуан тұлғалы, батыр мінезді кісі болған. Абайды ерекше құрмет тұтып, оның дұшпандарымен жағаласып өткен. Оспан туған жері Жидебайда қайтыс болды. Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық музейінде Оспанның өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректер сақтаулы. М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында Оспан бейнесі шынайы сомдалған. Абай Оспанға арнап: «Жайнаған туың жығылмай», «Кешегі Оспан», «Кешегі Оспан ағасы» атты өлеңдер жазған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 22, 2026

    Можар ауданы

  • Наурыз 24, 2026

    Қобыланды батыр (жыр)

  • Тамыз 28, 2026

    Георг Зиммель

  • Маусым 30, 2026

    Сайлау округі

  • Сәуір 07, 2026

    КСРО әнұраны

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары