Ақтерек – Қарқаралы тауының оңтүстік-шығыс сілемі.
| Ақтерек тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 16 км |
| Ені | 6 км |
| Биіктігі | 1185 м |
| Орналасуы | |
| 49°16′26″ с. е. 75°29′31″ ш. б. / 49.27389° с. е. 75.49194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°16′26″ с. е. 75°29′31″ ш. б. / 49.27389° с. е. 75.49194° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шығысын алып жатыр.
Жер бедері
Қарқаралы, Жиренсақал тауларынан Ақтерек Қаратоқа тауаралық аңғарымен бөлінген. Солтүстікке ұштасатын 2 қыраттан тұратын тілімденген жартасты тау массиві солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-ге, батыс қырат оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр, енді жері 6 км. Абсолюттік биіктігі 1185 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған шығыс қыраттың абсолюттік биіктігі 1230 м.
Геологиялық құрылымы
Ақтерек девон жыныстарының орта және жоғарғы тас көмір гранитоидтарынан және пролювийлік шөгінділерден түзілген.
Топырағы, өсімдігі
Тауаралық аңғарларда таулық қара, беткейлерде қызыл қоңыр және таудың қызыл қоңыр топырағы, беткейлерден жоғары жалаңаштанған түпкі жыныстарында қарағай ормандары, арша тоғайлары өскен. Етектегі беткейлер мен тауаралық аңғарларда қайың, ақтерек, көктерек, қарағай ормандары мен шілік аралас дәнді, түрлі шөпті-бұталы өсімдік басым.

