Бұлдырты – Жайық алабындағы өзен.
| Бұлдырты өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 195 км |
| Су алабының ауданы | 4660 км² |
| Су алабы | Жайық |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Былқылдаған және Жосалы бұлақтарының қосылған жері |
| Сағасы | Жалтыркөл көлі |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы |
Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданындағы Ақсуат ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км жерде.
Бастауы
Былқылдаған және Жосалы бұлақтарының қосылған жерінен Бұлдырты аталады, оңтүстікте Жалтыркөл көліне құяды. Ұзындығы 195 км, су жиналатын алабы 4660 км2. Жалпы ұзындығы 258 км болатын 8 саласы бар. Басты салалары: Шилі, Тамды, Жымпиты. Жылдық орташа су ағыны 1,6 м3/с (Абай ауылы тұсында).
Гидрологиясы
Бастауынан Қарағаш ауылына дейін өзен аңғары өте жатаған беткейлі келеді (биіктігі 20 м-ге дейін). Кей жерлерде оның екі жағасын бойлай құм төбелер созылып жатады. Бұлдырты өзенінің алабында жалпы су көлемі 0,85 млн. м3 болатын 6 тоған салынған. Суы шабындықтарды суаруға пайдаланылады.