Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Иондану энергиясы - бұл қозбаған күйдегі атомнан электронды жұлып алу үшін қажет етілетін энергия мөлшері. Атомның иондану энергиясы килоджоульдің мольге (кДж/м

Иондану энергиясы

  • Басты бет
  • Иондану энергиясы

Иондану энергиясы - бұл қозбаған күйдегі атомнан электронды жұлып алу үшін қажет етілетін энергия мөлшері. Атомның иондану энергиясы килоджоульдің мольге (кДж/моль) немесе электровольттің мольге эВ/моль қатынасы арқылы өлшенеді. Иондану энергиясы латын I әрпімен белгіленеді. Көп атомы бар электрондар үшін бірінші электронды жұлуға жұмсалатын, екінші, үшінші т.б. электрондарды жұлуға әртүрлі энергия мөлшері жұмсалады. Мысалы, бірінші электронды жұлуға, иондану энергиясы I1 екінші электронды жұлуға сәйкесінше I2 т.б. жұмсалады. Әрбір келесі электронды жұлуға жұмсалатын иондану энергиясы алдынғы энергияға қарағанда жоғары болады.

Иондану энергиясына әсер ететін факторлар

Иондану энергиясы атомның электрондық конфигурациясына байланысты. Мысалға, аяқталған электрондық деңгейлер жоғары тұрақтылық көрсетеді, сәйкесінше иондану энергиясы, толмаған деңгеймен (жұптаспаған электронмен) салыстырғанда жоғары болады. Электрондық конфигурация период бойынша өзгереді, яғни иондану энергиясы да период бойынша өзгереді, дәлірек айтқанда период бойынша иондану энергиясы өседі.

Иондану энергиясының топ бойынша және период бойынша өзгеруі

Атом радиусы өскен сайын иондану энергиясы азаяды. Период бойынша солдан оңға қарай Иондану энергиясы артады. Топ бойынша жоғарыдан төменге карай Иондану энергиясы кемиді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Енисей қырғыздары

  • Сәуір 05, 2026

    Наурызбай Қасымұлы

  • Сәуір 08, 2026

    Маңғыстау түбегі

  • Сәуір 12, 2026

    Путин хуйло!

  • Сәуір 09, 2026

    Зейнолла Шүкіров

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары