Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ұзындығы 155 км, су алабының ауданы 14.9 мың км². Бастауын Шатқал және Піскем өзендерімен толығатын Шарвақ су қоймасынан алады. Жоғарғы ағысында шамамен 30 шақы

Шыршық (өзен)

  • Басты бет
  • Шыршық (өзен)

Шыршық (өзб. Chirchiq/Чирчиқ) — Өзбекстандағы өзен, Сырдария өзенінің оң жақ саласы.

Шыршық
Chirchiq
Сипаттамасы
Ұзындығы 155 км км
Су алабының
ауданы
14 240 км²
Су алабы Сырдария→Арал теңізі
Су шығыны 221 м³/с
Су ағысы
Бастауы Шарвақ су қоймасы
 • Орналасқан жері Хожант кентінің маңы
 • Биіктігі 745,6 м
 • Координаттары 41°37′43″ с. е. 69°57′55″ ш. б. / 41.62861° с. е. 69.96528° ш. б. / 41.62861; 69.96528 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Сырдария
 • Орналасқан жері Шыназ қаласы
 • Биіктігі 253 м м
 • Координаттары 40°39′58″ с. е. 68°42′31″ ш. б. / 40.66611° с. е. 68.70861° ш. б. / 40.66611; 68.70861 (G) (O) (Я)Координаттар: 40°39′58″ с. е. 68°42′31″ ш. б. / 40.66611° с. е. 68.70861° ш. б. / 40.66611; 68.70861 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Өзбекстан
Аймақ Ташкент
Ташкент облысы

Мазмұны

Жалпы сипаттамасы

Ұзындығы 155 км, су алабының ауданы 14.9 мың км². Бастауын Шатқал және Піскем өзендерімен толығатын Шарвақ су қоймасынан алады. Жоғарғы ағысында шамамен 30 шақырымдай жері тау қойнауымен құлап ағады. Содан соң жазық жерлер басталады да, жайылып ағады. Жол-жөнекей қар суымен де толығады. Қараша—наурыз айларында бетіне мұз қатады.

Шыршық өзенінен ауылшаруашылық жерлерін суландыратын Шыршық жасанды каналы тартылған. Сондай-ақ Шыршық-Бозсу су электр станциясы орналасқан.

Жағасындағы елді мекендер: Газалкент, Шыршық, Ташкент қалалары, Шарвак, Искандер, Алмазар кенттері.

Салалары

Шыршықтың бірнеше салалары бар, басым көпшілігі жоғары жағында. Жазық жерлерде салалары тіпті аз. Басты салалары ретінде оң жағынан келіп құятын Өгем, сол жағынан қосылатын Ақсақатасай өзендерін айтуға болады. Бұдан бөлек Қаранқұлсай, Азадбашсай, Шурабсай, Қызылсу, Галибасай, Паркентсай, Қызылсай өзендері Шыршық өзенінің суын толықтырады. Бұлардың көбі жаз мезгілдерінде Шыршыққа әзер жетеді, сулары аз арналар.

Әдебиет

  • Шыршық — Өзбекстан Ұлттық энциклопедиясы. — Ташкент, 2000—2005. (өзб.)
  • Чуб В. Е. Ташкент: «VORIS NASHRIYOT» MChJ, 2007. — С. 91—95. — 133 с. — ISBN 978-9943-304-23-9.

Сілтемелер

  • Өзбекстан өзендері — Шыршық өзені(қолжетпейтін сілтеме)
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Шошқа шаруашылығы

  • Наурыз 13, 2026

    Әбілхан Қастеев

  • Сәуір 09, 2026

    Елуқала ауданы

  • Наурыз 11, 2026

    Мұхит

  • Сәуір 03, 2026

    Приурал ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары