Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы Күркіреуік (Громотуха) саласын қоса алғанда 156 км. Су жиналатын алабы 4990 км2.

Үлбі (өзен)

  • Басты бет
  • Үлбі (өзен)

Үлбі – Ертіс алабындағы өзен.

Үлбі өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 156 км
Су алабының
ауданы
4990 км²
Су алабы Ертіс алабы
Су ағысы
Бастауы Тынық және Күркіреуік өзендерінің косылған жері
 • Координаттары 50°17′07″ с. е. 83°22′58″ ш. б. / 50.28528° с. е. 83.38278° ш. б. / 50.28528; 83.38278 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Ертіс өзені
 • Координаттары 49°57′03″ с. е. 82°34′58″ ш. б. / 49.95083° с. е. 82.58278° ш. б. / 49.95083; 82.58278 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°57′03″ с. е. 82°34′58″ ш. б. / 49.95083° с. е. 82.58278° ш. б. / 49.95083; 82.58278 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы Күркіреуік (Громотуха) саласын қоса алғанда 156 км. Су жиналатын алабы 4990 км2.

Бастауы

Тынық және Күркіреуік өзендері бір-біріне қосылған жерден «Үлбі» деп аталады. Орталық Алтайдағы Иванов жотасы беткейінен басталып Ертіс өзеніне кұяды.

Гидрологиясы

Аңғары тік жарлы, Үлбі өзенінің жоғарғы ағысы шатқалды, ені 400 м. Еріген қар, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық су қоры 78,3%-ы сәуір - шілдеде, 15,2%-ы тамыз - қарашада, 6,5%-ы желтоқсан - наурызда өзен арнасымен ағып өтеді. Суының минералдылығы су тасу кезеңінде 100 - 300 мг/ л-ден сабасына түскенде 500 - 700 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су өтімі құйылысынан 10 - 151 км жоғарыда 102 м3/с. Лайлылығы жоғарғы ағысында 50 г/м3-ден төменгі ағысында 200 г/м3-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа тасынды өтімі 8,2 кг/с. Өзен бойында шағын Хайрузов, Тишин, Үлбі СЭС-тері салынған. Риддер, Өскемен қалалары осы өзен бойында.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Мақат ауданы

  • Сәуір 06, 2026

    Дашоғыз уәлаяты

  • Сәуір 08, 2026

    Оңтүстік-шығыс Азия

  • Сәуір 18, 2026

    Кит мұрты

  • Наурыз 21, 2026

    Морфология (лингвистика)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары