Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Аридтік литогенез – жер бетіндегі ылғалдың жылдық булану мөлшері жауын-шашын мөлшерінен артық болатын аридтік климат орныққан аймақтарда (құрлықтар мен теңіз, к

Аридтік литогенез

  • Басты бет
  • Аридтік литогенез

Аридтік литогенез – жер бетіндегі ылғалдың жылдық булану мөлшері жауын-шашын мөлшерінен артық болатын аридтік климат орныққан аймақтарда (құрлықтар мен теңіз, көлдерде) шөгінді тау жыныстарының түзілуі. Аридтік литогенез – литогенез теориясының негізін салушы орыс ғалымы, акад. Н.М. Страхов анықтаған табиғаттағы литогенез процесі 5 түрінің бірі. Литогенездің бұл түрі шөлдер мен шөлейттерге тән. Бұл аймақтарда жер беті суының ықпалы күрт бәсеңдейді, ал желдің әрекеті күшейеді. Орасан зор жылжымалы құм алқаптары пайда болады. Аридтік климат аймақтары ылғалды тропик. белдеуді солт-тен (20 – 35° солт. ендік) және оңт-тен (20 – 35° оңт. ендік) көмкеруші жоғары қысымды белдемдерге орналасқан. Осы белдемдердегі атмосфераның жоғарғы қабаттарының құрғақ ауасы ішінара төмен қарай ауысады да Аридтік литогенез. белдемдері пайда болады. Аридтік литогенезде құрлықтардың су жиналатын алаңдарында мех. үгілу хим. үгілуден басымырақ жүреді, ал көлдер мен теңіздердің түбінде тұз шөгеді.Аридтік литогенез аймақтарында қарқынды хим. үгілу қыртысы мүлде болмайды, ал су қоймаларында әр түрлі тұздардың тұнуына әкеп соғатын галогендік седиментаттану процесі тез қалыптасады. Қазақстан жерінде Аридтік литогенез Жезқазған ойысында тас көмір кезеңінде жүрген (мыс., мысты құмтастар мен алевролиттер аридтік климат жағдайында түзілген). Каспий ойысында пермь кезеңінде осындай процесс нәтижесінде тұз қабаты қалыптасқан. Тұздан төмен мұнай және газ кендерінің түзілуінде бұл қабат жабынды немесе сұйық тірек ретінде маңызды рөл атқарады. Жезқазған, Ұлытау аймағындағы пермь кезеңінде жүрген Аридтік литогенез процесінің нәтижесі – гипс шөгінділерінде родусит-асбест кендері түзілген. Қазіргі уақытта Аридтік литогенез процесі Каспий теңізі мен Балқаш көлінде, Оңтүстік Қазақстанның шөлдерінде жүруде.

Сілтемелер

  • Аридтік климат
  • Аридтік жер бедері
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 18, 2026

    Тоқтас (өзен)

  • Сәуір 12, 2026

    Шар ауданы

  • Сәуір 18, 2026

    Үлкен Бөкен

  • Сәуір 03, 2026

    Рашид әд-Дин

  • Сәуір 09, 2026

    Кокос пальмасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары