Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Аваз инақ (1750–1804) — 1790–1804 жылдары билік құрған, Хиуа хандығындағы қоңыраттар әулетінен шыққан екінші билеуші.

Аваз инақ

  • Басты бет
  • Аваз инақ

Аваз инақ (1750–1804) — 1790–1804 жылдары билік құрған, Хиуа хандығындағы қоңыраттар әулетінен шыққан екінші билеуші.

Аваз инақ
Лауазымы
Хиуа хандығындағы қоңыраттар әулетінен шыққан екінші инақ билеуші
1790 — 1804
Ізашары Мұхаммед Әмин инақ
Ізбасары Елтүзер хан
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1750 (1750)
Хиуа
Қайтыс болуы 1804 (1804)
Хиуа
Әкесі Мұхаммед Әмин инақ
Балалары Елтүзер хан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Мазмұны

Билікке келуі

1790 жылы Хорезмде (ресейлік историографияда Хиуа хандығы деп аталады) өзбек қоңырат руының өкілі, Мұхаммед Әмин инақтың ұлы Аваз инақ билікке келді.

Аваз инақ ел экономикасын қалпына келтіру саясатын жалғастырды. Оның билігі кезінде Хорезмде ауқымды ирригациялық жұмыстар жүргізілді. Мемлекетте салыстырмалы түрде бейбітшілік пен саяси тұрақтылық сақталды.

Аваз инаққа Хиуа билігіне қарсы жиі көтеріліс жасаған арал маңы тайпаларымен соғысуға тура келді. 1793 жылы көтерілісті Қожа Мұрад сопы мен Тюра Мұрад сопы бастаған еді (олар да хиуалық билеушілер сияқты өзбек қоңырат руынан шыққан). Көтеріліс басылғанымен, арал маңы тайпалары толықтай тек I Мұхаммед Рахым ханның (1806–1825) тұсында ғана бағындырылды.

Сыртқы саясаты

Аваз инақтың билігі тұсында Бұхара әмірлігімен салыстырмалы түрде бейбіт қатынастар сақталды. Ресеймен және Осман империясымен дипломатиялық байланыстар жүргізілді.

1793 жылғы сәуірде Хиуадан Орынборға хиуалық екі елші Искандер Аллабердиев пен Рахымбай Достмурадов келді. 1793 жылғы қазанда Хиуаға ресейлік елші, майор Бланкеннагель келді. 1794 жылы Хиуаның елшісі Аваз Мұхаммадбий Ресейге жіберілді.

Қайтыс болуы

Аваз инақ 1804 жылы қайтыс болып, Хиуада жерленді. Ол қайтыс болғаннан кейін Хорезмдегі билік ұлы Елтүзерге (1804–1806) өтті.

Әдебиет

  • Гулямов Я. Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957
  • История Узбекской ССР. Том 1. Ответственный редактор Я. Г. Гулямов. Ташкент, 1967.
  • История Узбекистана. Т.3. Т.,1993.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Бурабай (көл)

  • Сәуір 20, 2026

    Саяси төңкеріс

  • Сәуір 16, 2026

    Нұрекенов Темірғали

  • Сәуір 15, 2026

    Әйет (өзен)

  • Наурыз 20, 2026

    Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары