Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Маңғыстау приставтығы – Маңғыстау түбіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік (1869 – 1881). Саяси-әкімшілік орталығы – Форт-Александровск. Маңғыстау приставтығының бірі

Маңғыстау приставтығы

  • Басты бет
  • Маңғыстау приставтығы

Маңғыстау приставтығы – Маңғыстау түбіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік (1869 – 1881). Саяси-әкімшілік орталығы – Форт-Александровск. Маңғыстау приставтығының бірінші приставы жазалаушы подполковник Рукин болды.

пристав
Маңғыстау приставтығы
Мангышлакский пристав
Әкімшілігі
Кіреді

Орал облысы
Кавказ әскери округі (1870-1882)

Әкімшілік орталығы

Форт-Александровский

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1868

Таратылған уақыты

1882

Ресми тілдері

Қазақ, Орыс

Мазмұны

Тарихы

«Уақытша ереже» бойынша 1868 жылы Орал облысына бағынды уезд ретінде құрылды. 1870 жылы 20 ақпанда патша үкіметі Маңғыстау приставтығын Орынбор генерал-губернаторлығынан алып Кавказ әскери округі қарамағына берді. Сол жылы уезд аймағында Адай көтерілісі өтті. 1881 жылы 6 мамырдағы патша жарлығы бойынша Маңғыстау уезі болып аталып, алғашқы кезде Кавказ соғыс округіне, 1899 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Закаспий облысына бағындырылды.

Географиясы

Маңғыстау приставтығына Бозащы түбегі, Үстірт жоны, Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Морской, Святой, Подгорный, Долгий, Орлов, Кирел (Жандауыр) аралдары кірді.

Халқы

Бұл жерлерді адай руының 20 мыңдай үйі мекендеген.

Тағы қараңыз

  • Маңғыстау уезі
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 10, 2026

    Абай Құнанбайұлы

  • Сәуір 11, 2026

    Келес ауданы

  • Сәуір 22, 2026

    I Александр

  • Сәуір 03, 2026

    Сауд Арабиясы

  • Сәуір 02, 2026

    Парсы тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары