Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Нобель сыйлығы (шведше Nobelpriset, ағылшынша Nobel Prize) — жыл сайын ғылым, әдебиет және қоғам дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар мен ұйымдарға берілетін хал

Нобель сыйлығы

  • Басты бет
  • Нобель сыйлығы

Нобель сыйлығы (шведше Nobelpriset, ағылшынша Nobel Prize) — жыл сайын ғылым, әдебиет және қоғам дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар мен ұйымдарға берілетін халықаралық беделді сыйлықтар жүйесі.

Нобель сыйлығы
1919 жылы Фриц Габерге табысталған химия саласындағы Нобель сыйлығы дипломы көшірмесінің фотосуреті. Көшірме Вроцлав университеті мұражайындағы экспозицияның бір бөлігі болып табылады
Шынайы атауы швед. Nobelpriset, норв. Nobelprisen
Мемлекет  Швеция
 Норвегия (Бейбітшілік сыйлығы)
Түрі Халықаралық сыйлық
үшін марапатталады Адамзатқа үлкен пайда әкелген ғылыми зерттеулер, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет пен қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін
Негіздеуші Альфред Нобель
Жағдайы белсенді
Негізделді 1895 жыл (1901 жылдан бастап беріледі)
Сайты nobelprize.org
Nobel Prize Ортаққорда

Сыйлық алғаш рет 1901 жылы, Альфред Нобельдің қайтыс болғанына бес жыл толуына орай табысталды. Нобельдің өсиетіне сәйкес, алғашқы сыйлықтар бес саланы қамтыды: физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет және бейбітшілік. Алтыншы марапат — Экономика ғылымдары бойынша сыйлық — 1968 жылы Швецияның ұлттық банкі (Sveriges Riksbank) тарапынан Альфред Нобельді еске алу құрметіне тағайындалды. Нобель сыйлықтары өз салаларындағы ең беделді марапаттар болып саналады.

Соғыс сияқты төтенше жағдайларды есептемегенде, алты сыйлықтың барлығы жыл сайын беріліп отырады. Лауреат деп аталатын әрбір иегер 24 караттық алтынмен қапталған ақ алтыннан жасалған медаль, диплом және ақшалай сыйлық алады. 2023 жылғы жағдай бойынша, Нобель сыйлығының ақшалай сомасы 11 000 000 швед кронасын құрайды, бұл шамамен 1 035 000 АҚШ долларына тең. Бір сыйлықты үш адамнан артық бөлісе алмайды, алайда Нобельдің Бейбітшілік сыйлығы үш адамнан көп мүшесі бар ұйымдарға берілуі мүмкін. Нобель сыйлығы қайтыс болғаннан кейін берілмейді, бірақ егер адамға сыйлық тағайындалып, ол оны алғанға дейін қайтыс болса, марапат бәрібір тапсырылады.

Мазмұны

Сыйлық санаттары

Сыйлықтар жыл сайын 10 желтоқсанда, Альфред Нобельдің қайтыс болған күні, Стокгольмде (Бейбітшілік сыйлығы — Ослода) салтанатты түрде тапсырылады. Нобель сыйлықтары Альфред Нобельдің 1895 жылы жазылған өсиетнамасына сәйкес құрылып бес бағыт бойынша сыйлықтар табысталып келеді.

1969 жылдан бастап Швеция ұлттық банкі экономика саласындағы сыйлығын тағайындады. Бұл марапат Альфред Нобельдің 1895 жылғы өсиеті бойынша тағайындалған бес Нобель сыйлығының қатарына кірмейді, бірақ соған қарамастан оны Нобель қоры басқарады және басқа Нобель сыйлықтарымен бірге атап өтеді.

Кейіннен Нобель қоры жаңа номинациялар қоспау туралы шешім қабылдады.

Санат Марапаттаушы мекеме және марапаттау критерийі
Физика Швеция корольдік ғылым академиясы тарапынан «физика саласында аса маңызды жаңалық ашқан немесе өнертабыс жасаған тұлғаға» беріледі.
Химия Швеция корольдік ғылым академиясы тарапынан «ең маңызды химиялық жаңалық ашқан немесе саланы жетілдірген тұлғаға» беріледі.
Физиология немесе медицина Каролина институтының Нобель ассамблеясы тарапынан «физиология немесе медицина саласында аса маңызды жаңалық ашқан тұлғаға» беріледі.
Әдебиет Швеция академиясы тарапынан «әдебиет саласында идеалды бағыттағы ең үздік шығарма жазған тұлғаға» беріледі.
Бейбітшілік саласы Норвегия парламенті сайлайтын бес адамнан тұратын Норвегия Нобель комитеті тарапынан «халықтар арасындағы туыстықты нығайтуға, тұрақты әскерлерді жоюға немесе азайтуға, сондай-ақ бейбітшілік конгрестерін өткізу мен ілгерілетуге барынша күш салған тұлғаға» беріледі.
Экономика Швеция ұлттық банкі тарапынан 1968 жылы негізделген. Оны Швеция корольдік ғылым академиясы Нобель сыйлықтарымен бірдей принциптер бойынша тағайындайды. Ресми түрде Нобельдің төл өсиетіне жатпайды, бірақ басқа сыйлықтармен бірге тапсырылады.

Нобель қоры

Нобель қоры (швед. Nobelstiftelsen) — 1900 жылдың 29 маусымында Альфред Нобельдің өсиетін орындау және оның қаржылық активтерін басқару мақсатында құрылған жекеменшік ұйым. Қордың негізгі міндеті — Нобель қалдырған мұраны тиімді инвестициялау арқылы сыйлықтардың ақшалай қорын сақтау және ұлғайту, сондай-ақ номинациялар бойынша комитеттердің жұмысын үйлестіру.

Қызметі және басқару

Қор тікелей лауреаттарды таңдау процесіне араласпайды. Оның рөлі әкімшілік және қаржылық мәселелермен шектеледі. Негізгі қызметтері:

  • Сыйлықтарды табыстау рәсімін және Нобель апталығын ұйымдастыру;
  • Лауреаттарға ақшалай сыйақыны, диплом мен медальдарды дайындау;
  • Альфред Нобель туралы ақпаратты тарату және сыйлықтың беделін қорғау.

Қаржылық жағдайы

Альфред Нобельдің өсиеті бойынша, оның байлығының 94%-ы (сол уақыттағы 31 миллион швед кронасы) сыйлықты қаржыландыруға бағытталған. Алғашқы кезде қор тек мемлекеттік облигациялар сияқты «қауіпсіз» бағалы қағаздарға ғана инвестиция салуға құқылы болды. Алайда, 1953 жылдан бастап қорға акциялар мен жылжымайтын мүлікке инвестиция салуға рұқсат берілді, бұл сыйлық сомасының инфляцияға қарамастан өсуіне мүмкіндік туғызды.

2023 жылғы мәлімет бойынша, қордың жалпы инвестициялық капиталы шамамен 6.2 миллиард швед кронасына жеткен. Қор Стокгольм қаласында орналасқан және оны бес адамнан тұратын атқарушы кеңес басқарады.

Сыйақы мөлшері

 
1901 және 2023 жылдар аралығындағы сыйлық сомасының өзгерісі (инфляцияны есепке алғанда).

Лауреаттарға сыйлықты тапсыру кезінде берілетін сома арнайы құжат түрінде расталады. Сыйақы мөлшері Нобель қорының сол жылы бөле алатын қаражат көлеміне байланысты болады. Сыйлық қоры 1980 жылдардан бастап өсе бастады, ол кезде бір сыйлықтың сомасы 880 000 швед кронасын құрайтын (барлығы шамамен 2,6 млн швед кронасы, бұл бүгінгі бағаммен 350 000 АҚШ долларына тең). 2009 жылы ақшалай марапат 10 миллион швед кронасына (1,4 млн АҚШ доллары) жетті.

2012 жылдың маусымында сыйақы мөлшері 8 миллион швед кронасына дейін төмендетілді. Егер бір номинация бойынша сыйлықты екі лауреат өзара бөлісетін болса, ақшалай марапат оларға тең бөлінеді. Егер лауреаттар саны үшеу болса, марапаттау комитеті сыйақыны үшеуіне тең бөлуге немесе оның жартысын бір адамға, ал қалған жартысын басқа екі адамға тең (ширектен) бөліп беруге құқылы.

Лауреаттардың сыйлық ақшасын ғылыми, мәдени немесе гуманитарлық мақсаттарға қайырымдылық ретінде беруі жиі кездесетін құбылыс. 2025 жылғы жағдай бойынша, әр санаттағы сыйақы мөлшері 11 миллион швед кронасын құрайды, бұл шамамен 1,035 миллион АҚШ долларына тең.

Нобель сыйлығының баламалары

Нобель сыйлығы барлық ғылым салаларын қамтымайды. Сондықтан кейбір басқа ғылым мен мәдениет салаларында ең беделді марапаттар бейресми түрде «нобельдік баламалар» деп аталады.

  • Математика: Филдс медалі және Абель сыйлығы
  • Сәулет өнері: Притцкер сыйлығы
  • Информатика: Тьюринг сыйлығы
  • Журналистика және әдебиет: Пулитцер сыйлығы (негізінен АҚШ-та)
  • Өнер: Praemium Imperiale
  • Музыка: Эрнст фон Сименс музыкалық сыйлығы немесе Polar Music Prize
  • Саясаттану: Юхан Шютте сыйлығы
  • Психология: Вильгельм Вундт медалі
  • Теология: Йозеф Ратцингер сыйлығы және Темплтон сыйлығы

Тағы қараңыз

  • Шнобель сыйлығы
  • Физика саласында Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімі
  • Химия саласында Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімі
  • Физиология немесе медицина саласында Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімі
  • Әдебиет саласында Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімі
  • Бейбітшілік саласында Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімі
  • Экономика саласында Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімі
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Жеті жарғы

  • Сәуір 09, 2026

    Қабыршақты (ауыл)

  • Сәуір 08, 2026

    Мұхамеджан Рүстемов

  • Наурыз 11, 2026

    Арал теңізі

  • Сәуір 06, 2026

    Лигети Лайош

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары