Бөкей губерниясы (1917–1925) — Ресей Республикасында бұрынғы Бөкей Ордасы орнына 1917 ж. 1 шілдеде құрылған әкімшілік-аумақтық құрылым.
| Губерния | |
| Бөкей губерниясы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | Ресей республикасы, |
| Әкімшілік орталығы | Хан Ордасы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 1917 жыл–1925 жыл |
| Таратылған уақыты | 6 маусым 1925 жыл |
| Жер аумағы | 94,3 мың км² км² |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 243,000 адам (1924) |
|
| |
Орталығы — Орда қаласы.
1925 ж. Бөкей губерниясы таратылып, Қазақ АКСР Орал губерниясының құрамына енгізілді.
1917 жылғы губернияның құрамындағы болған аумақтар қазіргі
- Батыс Қазақстан облысының
- Жәнібек,
- Казталовка,
- Жаңақала,
- Бөкей ордасы аудандары,
- Атырау облысының
- Махамбет,
- Құрманғазы аудандары,
көршілес Ресейдің
- Волгоград облысы
- Палласовка ауданының,
- Астрахан облысы
- Құмөзек,
- Володар,
- Қарабайлы аудандарының бір бөлігі енген.
Тарихы
Қазақстандағы ең тұңғыш Қазан төңкерісі орнаған жер — Орда болатын.
1918 жылы Ордада Қазақтың I үлгілі атты әскер полкі жасақталады.
1918 жылы тұңғыш комсомол ұясы құрылады.
Мәдениеті
1918 жылы тұңғыш кеңестік баспахана ашылып, онда «Дұрыстық жолы», «Киргизская правда», т.б. газет — журналдар басылып шығады.
Осы кезеңдерде мәдени өмірге де көп көңіл бөлінеді. «Жігер» жастар ұйымы құрылып, орыс, татар, қазақ труппалары, белгілі күйші М. Бөкейхановтың ұйымдастыруымен ұлт аспаптар оркестрі жасақталады. Белгілі драматург И. Меңдіхановтың пьесалары көрермен назарына ұсынылады.
Қызық деректер
1983 ж. көктемінде Гурьев, Волгоград, Астархан облыстарында дайындық кезеңі болды. Саяси бюро жобасы бойынша қазақтар тұратын аудандар (бұрынғы Бөкей Ордасының/Бөкей губерниясының жерлері) Ресейден Қазақстанға беріліп қайтадан облыс құру. Келешек облыс атауы шешімі екі-талай болды: не Бөкей облысы, не Құрманғазы облысы. Орталығы — Ганюшкино селосы (қала деңгейіне көтеріп).
Ресейдің бірқатар жергілікті басшылары қатаң қарсылықтарын айтқасын, жоба енгізілмей қалыпты.
Тағы қараңыз
- Бөкей Ордасы
- Орда ауданы
