| Керей өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 100 км |
| Су алабының ауданы | 3490 км² |
| Су алабы | Теңіз көлі |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Желдіадыр тауының солтүстік беткейі |
| • Координаттары | 49°29′06″ с. е. 68°02′16″ ш. б. / 49.48500° с. е. 68.03778° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Керей көлі |
| • Координаттары | 50°06′28″ с. е. 68°45′47″ ш. б. / 50.10778° с. е. 68.76306° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°06′28″ с. е. 68°45′47″ ш. б. / 50.10778° с. е. 68.76306° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Қарағанды облысы Нұра ауданы |
Керей – Теңіз көлі алабындағы өзен.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданының батысынан ағып өтеді.
Бастауы
Бастауын Ұлытаудың солтүстігіндегі Желдіадыр тауының солтүстік беткейінен алады. Керей көліне шығысынан құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 3490 км2. Негізгі салалары: Талсай, Қарасу, Басыақтұма. Жайылмасының ені 50 – 300 м, иректеліп келетін арнасының ортаңғы, төменгі ағыстарындағы ені 30 – 40 м. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Жылдық орташа су ағымы сағасында 0,55 м3/с. Суы ауыз су ретінде, жайылымдарды суландыруға, мал суаруға жарамды. Алабында жайылмасын көлдете суғару үшін салынған бөгеттер (жалпы су көл. 1,23 млн. м3) бар.
- Алфавит бойынша өзендер
- Нұра ауданы өзендері
- Нұра су алабы