![]() Ислам мақалалар тізбегінің бөлігі |
|---|
| Архитектура |
| Араб ·Әзірбайжандық |
| Өнер |
| Каллиграфия · Миниатюра · Кілемдер |
| Киім әдебі |
| Абайя ·Иқал ·Боубоу |
| Мейрамдар |
| Ашура ·Ораза айт ·Құрбан айт |
| Әдебиет |
| Араб ·Әзірбайжандық ·Бенгалдық |
|
|

Боубоу (немесес бубу) — көбінесе Батыс Африкада киілетін кең жеңді халаттың атауы. Бұл киім әртүрлі этникалық топтарда түрлі атаулармен аталады: агбада (йоруба халқы, дагомба халқы), баббан рига (хауса), к'са (туарегтерде), үлкен боубоу (Батыс Африканың француз тілді елдерінде). Боубоудың Сенегалдық түрі Сенегалдық кафтан деп аталады. Боубоудың әйелдерге арналған түрі кейбір қауымдарда м'боубоу немесе кафтан деп аталады.
Құрамы
Боубоу негізінен 3 киімнен тұрады: тобыққа қарай тарылатын шалбардан (сокото), ұзын жеңді көйлектен (дашики) және солардың үстінен киілетін кең жеңсіз көйлек. Боубоу әуелгіде жібектен жасалғанмен, шариғаттың ер адамдарға жібекті киюге тыйым салуына байланысты қазіргі кезде мақтадан немесе синтетикадан тігіледі.
- Исламдағы киім әдебі
