Мұхаммед Рахым (1713, Бұхара хандығы – 24 наурыз 1758, Бұхара) — Бұхара хандығының әмірі (1755–1758), Маңғыт әулетінің негізін салушы.
Аштархан әулетінің соңғы ханын өлтіріп, 1740 жылдан Бұхар хандығының іс жүзіндегі билеушісі болды. 1753 жылы әмір лауазымын алды. Ол Бұхар хандығын Иранға вассалдық тәуелділіктен құтқарды, күшті әскер құрды. Шаһрисабз, Ургут, Жызақ, Ұратөбе, Гиссарды, т.б. бағындырды. Бұл соғыстар елдің шаруашылығына үлкен нұқсан келтірді.
Санаттар:
- 1713 жылы туғандар
- Бұхара хандығында туғандар
- 24 наурызда қайтыс болғандар
- 1758 жылы қайтыс болғандар
- Бұхарада жерленгендер
- Бұхара хандары
- Бұхара әмірлері
- Маңғыттар