Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 712 км, су жиналатын алабы 40 мың км²-ге жуық. Каспий теңізі бассейніне жататын ірі өзендердің бірі. А

Жем (өзен)

  • Басты бет
  • Жем (өзен)

Жем (Ембі) – Каспий алабындағы өзен.

Жем өзені
Жем (Ембі) өзені (1900 жылғы)
Жем (Ембі) өзені (1900 жылғы)
Сипаттамасы
Ұзындығы 712 км
Су алабының
ауданы
40400 км²
Су алабы Каспий теңізі
Су ағысы
Бастауы Мұғалжар тауының оңтүстік-батыс беткейінен басталатын Жанай және Жалаңаш өзендерінің қосылған жері
 • Координаттары 49°10′ с. е. 58°45′ ш. б. / 49.167° с. е. 58.750° ш. б. / 49.167; 58.750 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Каспий теңізіне жетпей тартылып қалады.
 • Координаттары 46°45′ с. е. 53°10′ ш. б. / 46.750° с. е. 53.167° ш. б. / 46.750; 53.167 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°45′ с. е. 53°10′ ш. б. / 46.750° с. е. 53.167° ш. б. / 46.750; 53.167 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Ақтөбе облысы, Атырау облысы
Ортаққордағы санаты: Жем өзені
 Басқа мағыналар үшін Жем деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны

Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 712 км, су жиналатын алабы 40 мың км²-ге жуық. Каспий теңізі бассейніне жататын ірі өзендердің бірі. А.Левшиннің жазбалары бойынша, бұл өзеннің орта ғасырларда Гем деп аталғаны белгілі.

Этимологиясы

Жем топонимінің негізінде шығыс түркі тілдеріндегі кем/гем "өзен" гидронимдік термині жатқанын барлық зерттеушілер мойындайды (А.Левшин, В.Радлов, А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақ т.б.). Бүкіл алтай, орал, үндіевропа тілдеріне тараған кан/кен/ген географиялық терминінің қазақ тілінде жем аталуы заңды құбылыс және өте көне дәуірде, өзенді - өзен, тауды - тау деп атайтын дәуірде пайда болғанын білдіреді. Профессор Т.Жанұзақтың айтуынша, Жем тарихи атауының Эмба > Ембі аталып жүруі дұрыс емес. Топонимжасамның негізгі міндеттерінің бірі – тарихи атауларды сақтап қалу, заңды орнына қайтару екені белгілі.

Бастауы

Мұғалжар тауының 365 м-лік оңтүстік-батыс беткейінен басталатын Жанай және Жалаңаш өзендерінің қосылған жерінен бастау алады. Каспий ойпатының шығысын бойлай ағады. Каспий теңізіне жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы, сипаты

 
Жем өзеніндегі көпір. (Жем, Ақтөбе облысы)

Аңғары жоғарғы және орта ағысында жақсы байқалады. Төменгі ағысында тармақтар арқылы жалғасқан шағын шөл және сор тізбектерге айналған. Жағалауы құм және саз жыныстарынан түзілген. Арнасы ирелең келеді, көбіне қарасуларға бөлініп қалады.

Басты салалары: Темір, Атжақсы. Негізінен қар суымен толығады. Жылдық орташа ағысы (Дүйсеке ағысы тұсында) 488 млн. м3, орташа жылдық су ағымы Жанбике ағысы тұсында 11,3 м3/с. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Өзенде алабұға, сазан, қамыс-қорысты жерде ондатр кездеседі. Жағасында Құлсары , Ақкиізтоғай елді мекендері орналасқан. Минералдылығы көктемде 400 мг/л, ең төменгі деңгейі кезінде 1500 мг/л. Жем ауыз су ретінде шабындық суғаруға, жайылым суландыруға пайдаланылады.

Бастауынан сағаға дейінгі жалпы құламасы 390 м. Су ағынының 96%-ы, өзен сағасында 100%-ға дейінгі мөлшері су тасуы кезінде қалыптасады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Біржан сал

  • Наурыз 10, 2026

    Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин

  • Наурыз 12, 2026

    Әбіш Кекілбайұлы

  • Наурыз 13, 2026

    Биосфера

  • Сәуір 05, 2026

    Шығай хан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары