| Бақай тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Пайда болған кезеңі | Протерозой, палеозой |
| Ұзындығы | 30 км |
| Ені | 15-17 км |
| Биіктігі | 3010 м |
| Орналасуы | |
| 43°20′56″ с. е. 78°11′25″ ш. б. / 43.34889° с. е. 78.19028° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°20′56″ с. е. 78°11′25″ ш. б. / 43.34889° с. е. 78.19028° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Бақай тауы – Іле Алатауының қиыр шығыс бөлігіндегі тау. Абсолюттік биіктігі 3010 м. Ендік бағытымен 30 км-ге созылған, ені 15—17 км.
Жер бедері
Солтүстік және шығыс беткейлері тік жарқабақты, оңтүстігі көлбеу келген. Шығысы мен оңтүстігінен Асы өзені ағып өтеді, оңтүстігінде Жамбас тауы орналасқан.
Геологиялық құрылымы
Протерозой мен палеозойдың гранодиорит, кварцитті тақтатастарынан түзілген.
Өсімдігі
Таудың етегі — қара және қызылқоңыр топырақты, беткейлері — шыршалы-қарағайлы орманды, шатқалдары әр түрлі жеміс ағаштарына бай.
- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Еңбекшіқазақ ауданы таулары
- Іле Алатауы

