| Аудан | |
| Наукен ауданы | |
| Ноокен району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | Масы ауылы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Жер аумағы | 2336 км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 117 055 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 69,4 %, |
| Ресми тілі | |
| Автомобиль коды | D және 04 |
|
| |
Наукен ауданы (қыр. Ноокен району) — Қырғызстанның Жалалабат облысындағы аудан.
Әкімшілік орталығы — Масы ауылы.
Географиясы
Аудан облыс орталығы Жалалабат қаласынан солтүстік-батысқа қарай Өзбекстанның Наманған және Әндіжан облыстарымен шекаралас орналасқан.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 117055 аудан тұрғындарының ішінен қырғыздар 81 192 адамды құрайды (немесе 69,4 %), өзбектер — 32 702 адам немесе 27,9 %, ұйғырлар — 1181 адам немесе 1,0 %, тәжіктер — 456 адам немесе 0,4 %, орыстар — 375 адам немесе 0,3 %, татарлар — 313 адам немесе 0,3 %, түріктер — 309 адам немесе 0,3 %.
Әкімшілік бөлінуі
Наукен ауданы Құрамына 8 айылдық (ауылдық) округ кіреді:
- Арал айылдық округі — Арал а.
- Бүргенді айылдық округі — Бүргенді а.
- Достық айылдық округі — Шамалды-Сай а.
- Массы айылдық округі — Массы а.
- Момбеково айылдық округі — Момбеково а.
- Наукен айылдық округі — Құрұлұш а.
- Сақалды айылдық округі — Сақалды а.
- Шайдан айылдық округі — Алма а.
Тарихы
1935 жылы құрылды. 1992 жылға дейін Ленин ауданы аталып келді.
- Наукен ауданы
