Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Османлы әулеті — Ұлы Османлы Мемлекетін 1299-1922 жылдар аралығында басқарған сұлтандар мен халифтер әулеті.

Османлы әулеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Османлы әулеті
түр. Osmanlı Hanedanı
Османлы әулеті
Елі

Осман империясы

Құрылды

1299 жыл

Негізін салушысы

I Осман

Қазіргі басы

Осман Баязит Османұлы

Соңғы басшысы

II Әбділмәжит

Титулдары

сұлтан, қаған, хан, халиф, падишаһ, қазы, шаһзада, бей

Ұлты

Түрік

Османлы әулетіҰлы Османлы Мемлекетін 1299-1922 жылдар аралығында басқарған сұлтандар мен халифтер әулеті.

Тарихы

Әулет негізін Османлы Бейлігінің алғашқы ұлыбейі Осман Ғази салған. Сондай-ақ әулет мүшелерінің ішінде 1389-1402 жылдары билеген Шапшаң Сұлтан Баязит, 1451-1481 жылдары билеген Жаулаушы Сұлтан Мехмет, 1512-1520 жылдары билеген Жауыз Сұлтан Сәлім, 1520–1566 жылдары билеген Заңшы Сұлтан Сүлеймен, 1789-1807 жылдары билеген Низами Сұлтан Сәлім, 1808-1839 жылдары билеген Жаңартпашы Сұлтан Махмұт және 1876-1909 жылдары билеген Ұлы Сұлтан Әбділхамит сынды сұлтандар танымал болған. 1923 жылдың 29 қазанында сұлтандық жойылып, Османлылардың соңғы сұлтаны VI Мехмет Түркиядан қашып кетеді. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің шешімімен халиф ретінде Османлы әулетінің шаһзадасы II Әбділмәжит тағайындалады. 1924 жылдың 3 наурызында халифат та ыдыратылып, елдегі Османлы әулетінің барлық мүшелері елден қуылады.

Сілтемелер

Жоғары