Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Көл төбелер аралығындағы қазаншұңқырлы ойыста жатыр. 20 ғасырдың орта шенінде Кіші Сарыоба көліне қосылып жатқан. Көлге көктемде бірнеше кішігірім өзен құяды. Ж

Үлкен Сарыоба

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үлкен Сарыоба
Морфометрия
Өлшемі6,2 × 3,6 км
Ауданы15,17 км²
Орташа тереңдігі2,1 м
Орналасуы
51°10′15″ с. е. 72°05′32″ ш. б. / 51.17083° с. е. 72.09222° ш. б. / 51.17083; 72.09222 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°10′15″ с. е. 72°05′32″ ш. б. / 51.17083° с. е. 72.09222° ш. б. / 51.17083; 72.09222 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
АуданАршалы ауданы
Үлкен Сарыоба
Үлкен Сарыоба (Ақмола облысы)
Үлкен Сарыоба

Үлкен Сарыоба — Есіл алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақмола облысы Аршалы ауданында, Сарыоба елді мекенінен батысқа қарай 5 км жерде орналасқан.

Аумағы

Ауданы 15,17 км2, ұзындығы 6,2 км, енді жері 3,6 км. Орташа тереңдігі 2,1 м.

Жер бедері мен гидрографикасы

Көл төбелер аралығындағы қазаншұңқырлы ойыста жатыр. 20 ғасырдың орта шенінде Кіші Сарыоба көліне қосылып жатқан. Көлге көктемде бірнеше кішігірім өзен құяды. Жағасы тік жарлы, биіктігі 3-4 м. Көл айдыны таза, тек жағасынан 100-50 м қашықтықта су асты өсімдіктері кездеседі. Көктемде деңгейі көтеріліп, орта сулы жылдары 0,4-0,5 метрге, суы мол жылдары 1,0-1,2 метрге жетеді. Мұз қалыңдығы әдетте 0,7-0,8 м, қатаң қыстарда 1,0 м-ге жетеді. Суының минералдылығы жоғары. Ауыз суына жарамайды.

Жоғары