| Түрген өзені | |
|---|---|
![]() Түрген өзенінің жоғарғы ағысы | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 116 км |
| Су алабы | Іле |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Іле Алатауының мұздықтары |
| • Координаттары | 43°08′59″ с. е. 77°35′28″ ш. б. / 43.14972° с. е. 77.59111° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Қапшағай бөгені |
| • Координаттары | 43°44′29″ с. е. 77°39′08″ ш. б. / 43.74139° с. е. 77.65222° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°44′29″ с. е. 77°39′08″ ш. б. / 43.74139° с. е. 77.65222° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы |
Түрген – Іле өзенінің сол саласы.
Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Бастауын Іле Алатауының мұздықтарынан алып, Іле өзенінің қазіргі Қапшағай су қоймасына құяды.
Гидрологиясы
Түрген өзені мореннен ағатын мұздықтардан және сулардан алады. Өзен Шың түрген, Түрген (Ортатүрген) және Кіші Түрген өзендерінің қосылуынан пайда болады. Олардың әр қайсысы көптеген тармақтардан тұрады. Өзеннің жалпы ұзындығы 116 км.
Этимологиясы
Түргэн моңғол тілінен енген географиялық термин және "шапшаң", "жылдам", "тез" мәнді үстеу сөзден жасалған. Топонимикада "ағынды", "ағысты" (су, өзен) мағынасында қолданылады. Тілімізге ертерек еніп, бейімделіп кеткендіктен, түрген географиялық терминін топонимжасамда кеңінен пайдалануға болады. Түрген, Таутүрген, Тұрғысын<Түргэнүс (н) жер-су аттары бар.
Жағалау сипаты
Өзеннің жоғарғы ағысында Алматы қорығы және Іле Алатауы ұлттық паркі, ал төменгі ағысында Қарашенгел қорықшасы орналасқан. Ауыз су мен егіншілікке пайдаланғандықтан өзен суы Ілеге көбіне жетпей қалады. Өзен жағасында Таутүрген минералды суының бассейны бар. Түрген өзенінің аңғары - еліміздің белгілі демалыс аймағы. Түрген, Қаракемер, Ақши ауылдарының маңында көптеген Сақ қорғандары орналасқан. Өзен аңғарында Таутүрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай, Ақши, Қайрат, Күш елді мекендері орналасқан.
- K-38-IX
- Алфавит бойынша өзендер
- Еңбекшіқазақ ауданы өзендері
- Іле су алабы
