| Самсы өзені | |
|---|---|
![]() | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 33 км |
| Су алабының ауданы | 178 км² |
| Бастауы | |
| • Орналасқан жері | Жетіжол және Қастек жоталары |
| • Биіктігі | 1013 м |
| • Координаттары | 43°08′39″ с. е. 76°04′08″ ш. б. / 43.14417° с. е. 76.06889° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Жиренайғыр өзені |
| • Орналасқан жері | Үлгілі аулы |
| • Биіктігі | 694 м |
| • Координаттары | 43°24′31″ с. е. 76°04′58″ ш. б. / 43.40861° с. е. 76.08278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°24′31″ с. е. 76°04′58″ ш. б. / 43.40861° с. е. 76.08278° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Алматы облысы |
Самсы — Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы өзен. Жиренайғыр өзенінің саласы. Ұзындығы 33 шақырым. Су алабының ауданы 178 шаршы шақырым
Сипаттамасы
Географиясы
Жетіжол және Қастек жоталарына жақын жердегі Аққайнар аулы тұсында бірнеше арнаның тоғысқан жерінен бастау алады да, солтүстікке қарай ағады. Кейде Қарақастек өзенінің арнасы тасығанда суы Самсы өзенінің арнасына құйылады. Самсы аулының тұсында бірнеше тармақтарға бөлініп кетеді. Алматы-Тараз тас жолынан өткен соң Үлгілі аулына жете бере Жиренайғырға құяды.
Өзен суы ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Өзеннің ландшафты әдемі және туризмге қолайлы.
Жағалауы
Жағалауындағы елді мекендер: Аққайнар, Самсы.
Салалары
Ең ірі саласы — Ащыбұлақ.
Сілтемелер
- Самсы — Философия охоты 9 қараша 2022.
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Алфавит бойынша өзендер
- Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері
