Қуан Лекеров (1896, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы — 23.5.1955, Алматы) — әнші (драм-тенор). ҚазКСР-інің еңбек сіңірген артісі (1939).
Арғын тайпасы Қаракесек руы Нұрбике Шаншар бұтағынан шыққан.
Алғашқы ұстаздары шешесі Бәдігүл мен әнші Қ. Байжанов. Жастайынан “әнші бала” атанған Лекеров майталман әншілерден (Ұ. Айтбаев, Иса Байзақов, М.Уәлиқызы) тағылым алған. 1930 ж. Алматыға шақыртылып, Қазақ радиосында әнші болды. Қазақ мемлекеттік академия драма театрының сахнасында Жапал (Мұхтар Әуезов, “Еңлік-Кебек”), Ақан (Ғабит Мүсірепов, “Ақан Сері - Ақтоқты”), т.б. бейнелерді сомдады. 1940 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясында әнші болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары арнаулы концерттік топтың құрамында майдан жауынгерлеріне арналған концерттерге қатысты. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, Жаяу Мұсаның, Ақан серінің, Біржанның, Жарылғапбердінің, сондай-ақ қазақ композиторларының әндері болды.
Үнтаспаға жазылған әндері Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.
- 1896 жылы туғандар
- Қарқаралы ауданында туғандар
- 23 наурызда қайтыс болғандар
- 1955 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- КСРО әншілері
- Қазақстан әншілері
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
- XX ғасыр актерлері
- Тенорлар
- Қазақстан тенорлары
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері
- Қазақ радиосы тұлғалары
- Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары
- Қазақ мемлекеттік филармониясы тұлғалары