| Шилі өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 41 км |
| Су алабының ауданы | 604 км² |
| Су алабы | Сілеті өзені |
| Өзендердің су алабы | Ертіс→Обь→Солтүстік Мұзды мұхит |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Қойтас тауының оңтүстік тарамы |
| • Координаттары | 51°55′18″ с. е. 72°59′12″ ш. б. / 51.92167° с. е. 72.98667° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Сілеті өзені |
| • Координаттары | 52°15′06″ с. е. 72°55′31″ ш. б. / 52.25167° с. е. 72.92528° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°15′06″ с. е. 72°55′31″ ш. б. / 52.25167° с. е. 72.92528° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Ақмола облысы Ерейментау ауданы |
Шилі – Сілеті өзенінің оң жақ саласы.
Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданының орталық бөлігімен ағып өтеді. Ұзындығы 41 км, су жиналатын алабы 604 км2. Жылдық су ағынының көлемі 6,1 млн. м3.
Бастауы
Бастауын Қойтас тауының оңтүстік тарамынан алады. Басты саласы Қарсақпай өзені (20 км), мұнан басқа жалпы ұзындығы 11 км-ді құрайтын 6 саласы бар.
Гидрологиясы
Өзеннің сол жағы – денудациялық жазық, оң жағы – эрозиялық-денудациялық ұсақ шоқылар. Жоғарғы сағасында бөген салынған.
Өсімдігі
Қара қоңыр топырағында әр түрлі өсімдіктер өскен. Суы шабындықты суландыруға, мал суаруға пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Сілеті су алабы
- Ерейментау ауданы өзендері