| Жолдыбай | |
![]() | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Өлшемі | 6,8 × 5 км |
| Ауданы | 25,9 км² |
| Су алабы | |
| Құятын өзен | Сарыөзек |
| Орналасуы | |
| 53°23′49″ с. е. 68°57′59″ ш. б. / 53.39694° с. е. 68.96639° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°23′49″ с. е. 68°57′59″ ш. б. / 53.39694° с. е. 68.96639° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақмола облысы |
| Аудан | Көкшетау қалалық әкімдігі |
Жолдыбай – Есіл алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны
Ақмола облысының Көкшетау қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Бұлақ ауылынан солтүстікке қарай 4 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы
Ауданы 25,9 км2 , ұзындығы 6,8 км, ені 5,0 км шамасында. Оңтүстік және шығыс жағалауы 1,5-2,5 м келген тік жар, басқа жерлері жайпақ. Суы тұщы. Көлге батысынан Сарыөзек өзені құяды. Қарашаның басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы түседі. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша көлдер
- Көкшетау қалалық әкімдігі көлдері
- Есіл су алабы көлдері

