Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Беғазы ғибадатханасы – оғыз-қыпшақ заманынан сақталған тарихи ескерткіш. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Беғазы тауының солт. етегінде, Қаратал өз-нің сол жағас

Беғазы ғибадатханасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Беғазы ғибадатханасы – оғыз-қыпшақ заманынан сақталған тарихи ескерткіш. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Беғазы тауының солт. етегінде, Қаратал өз-нің сол жағасында. 1992 ж. Орт. Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Үйілген тас оба, құлап қалған үйтас тәрізді. Шығыс етегіндегі тастардың арасында бір қатарға тізілген, әйел бейнесіндегі үш тас мүсін тұр. Биікт. 0,7 м-ден аспайды. Әсемделіп қашалған мүсіндердің ортадағысы жас қызға ұқсайды, ал шеткілері сәукеле тәрізді бас киім киген. Әйел мүсіндерін үйтас алдына немесе ішіне қою 9–11 ғ-лардағы оғыз-қыпшақ тайпаларына тән. Тайпа мүшелері осы жерде құрбандық шалып, ас беріп, түрлі салт-жоралғылар жасап отырған.

Жоғары