
Балға (орыс. Молоток) — соғу, шыңдау жұмыстарына арналған қол аспабы. Құралдың бір жағы Балғаның басы, 2-сі сабы деп аталады. Атқаратын қызметіне қарай пішіні әр түрлі (темір ұста Балғасы, ағаш ұстасы Балғасы, етікші Балғасы, т.б.) болып келеді. Балғаның басын көміртекті болаттан жасайды, негізгі және қосымша деп аталатын қос шүйдесін шынықтырып, соңынан жалтыратады. Балғаны кейде ағаштан да жасайды. Балға шеге қағуда, қатты затты сындыруда, жер үй тұрмысында ірі сұрынысқа ие.
Балғалар түрлері

- Ағаш балғa (орыс. Киянка) - қаңылтырмен өндеуге арналған тегіс соққылы бетгі балға.
- Безеулегіш балға (орыс. Чеканочный молоток) — безеулеу жүмыстарына арналған электр, гидравликалық немесе пневматикалық жетегі бар балға.
- Тойтарғыш балға (орыс. Лепальный молоток) — тойтару жүмыстарына арналған электр,гидравликалық немесе пневматикалық жетегі бар балға.
- Электр балға (орыс. Электрический молоток) —электр жетегі бар балга.
- Фрикциялы балға (орыс. Фрикционный молот) — қабыршақтарын кесумен жүретін жоне салқын күйінде жүргізілетін таптау шыбықтарынан майда шыңдалғьыарды қалыптауға арналған құлайтын бөліктердің күші 500-ден 1500 кг-ға дейінғі ұсталық машиналар.
Санат:
- Құралдар