Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ұлытау облысы Ұлытаудың оңтүстік беткейіндегі ағып шығатын бұлақтар суының қосылуынан құралып, Қалмаққырылған өзеніне оң жағынан құяды.

Жиде (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жиде өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 48 км
Су алабы Қалмаққырылған өзені
Су ағысы
Бастауы Ұлытаудың оңтүстік беткейіндегі ағып шығатын бұлақтар суы
Сағасы Қалмаққырылған өзені
  Координаттары 47°00′18″ с. е. 66°25′36″ ш. б. / 47.00500° с. е. 66.42667° ш. б. / 47.00500; 66.42667 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°00′18″ с. е. 66°25′36″ ш. б. / 47.00500° с. е. 66.42667° ш. б. / 47.00500; 66.42667 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Ұлытау облысы

Жиде – Қалмаққырылған өзені алабындағы өзен. Ұзындығы 48 км.

Бастауы

Ұлытау облысы Ұлытаудың оңтүстік беткейіндегі ағып шығатын бұлақтар суының қосылуынан құралып, Қалмаққырылған өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы

Жағасы биік, аңғары кең. Қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. Жалпы ұзындығы 65 км болатын 26 саласы бар. Ірілері: Жарқұдық, Шыныбай Жиде. Орта ағысында шаруашылық қажеттілігіне сай бөген салынған. Өзен алабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Суы мал суаруға пайдаланылады.

Жоғары