Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Брюс Ли (ағылш. Bruce Lee); туған кезіндегі аты — Ли Сяолун (қыт. 李小龙, ағылш. Li Xiaolong, ересек кезіндегі аты — Ли Чжэньфань (қыт. 李振藩, ағылш. Lee Jun-fan); 2

Брюс Ли

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Брюс Ли
Bruce Lee, 李振藩
Туған кездегі есімі

Ли Сяолун

Туған күні

27 қараша 1940 (1940-11-27)

Туған жері

 АҚШ, Сан-Франциско

Қайтыс болған күні

20 шілде 1973 (1973-07-20)(32 жас)

Қайтыс болған жері

Гонконг

Әкесі

Ли Хойчэнь

Анасы

Грейс Хо

Жұбайы

Линда Эмери

Балалары

Брэндон Ли, Шеннон Ли

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Сайты

https://brucelee.com/

Ортаққордағы Брюс Ли

Брюс Ли (ағылш. Bruce Lee); туған кезіндегі аты — Ли Сяолун (қыт. 李小龙, ағылш. Li Xiaolong, ересек кезіндегі аты — Ли Чжэньфань (қыт. 李振藩, ағылш. Lee Jun-fan); 27 қараша 1940 жыл, Сан-Франциско — 20 шілде 1973 жыл, Гонконг) — шығыс жекпе-жегінің шебері, АҚШ және Гонконг киноактёрі, сондай-ақ кинорежиссёр, продюсер және сценарийші.

Өмірбаяны

1940 жылы 27 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласында дүниеге келген. Қытайда Ли Сяо Лун, Ли Дженфан есімдерімен де танымал. Бала кезінен фильмдерге түсе бастаған.

Кино мансабында 36 фильмге түскен. Батысқа Шығыс жекпе-жегін танытқан. Оның өмірі мен шығармашылығы жайлы 30-ға тарта фильм түсірілген. XX ғасырдың екінші жартысында Еуропа елдері мен АҚШ-та шығыс жекпе-жегінің жұлдызы ретінде кеңінен танылған. Кунг-фу және тайцзицюань өнерін меңгерген. Сонымен қатар бокспен және дзюдомен айналысқан. «Джит Кун-до» деген атпен кунг-фудың өзіндік стилін жасап шығарған. 1971 жылы отбасымен Гонконгқа көшіп келеді. 1973 жылы 20 шілдеде Гонконгта 32 жасында қайтыс болған.

Фильмография

«Өліммен ойын» фильміндегі кадр
Голливудтағы актёрдің жұлдызы
  • 1941— Алтын қақпадағы қыз (сәби)
  • 1948— Байлық туралы арман
  • 1949— Sai See in the Dream (Сэй Си)
  • 1950— Балақай Чунг
  • 1951— Бүлдіршін (/менің ұлым А Чунг)
  • 1951— Балалық шақ
  • 1953— A Myriad Homes
  • 1953— Әкейдің кінәсі
  • 1953— Ананың көз жасы
  • 1953— In the Face of Demolition
  • 1955— Махаббат
  • 1955— Махаббат (2 бөлім)
  • 1955— Жетімнің қасіреті
  • 1955— Адал әйел
  • 1955— Жетімнің әні
  • 1955—
  • 1956— Ажырасуға кештік қылады
  • 1957— Нөсер
  • 1957— Аяулы қыз
  • 1958— Жетім(А Сан)
  • 1966—1967— Жасыл шершень(Като)
  • 1968— Марлоу(эпизодтық роль)
  • 1971— Үлкен босс(Чжэн Чаоань)
  • 1972— Тентектің жұдырығы(Чэнь Чжэнь)
  • 1972— Айдаһардың жолы(Тан Лунг)
  • 1973— Айдахар(Ли)
  • 1978— Өліммен ойын(Билли Ло)
  • 1981— Өлім мұнарасы(Билли Ло)

Тағы қараңыз

  • Жүз жыл ішіндегі Қытай киносының үздік актерлері

Сілтемелер

Жоғары