| Бүйен өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 120 км |
| Су алабының ауданы | 1200 км² |
| Су алабы | Қаратал алабы |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстігіндегі 4000 м биіктіктегі мұздықтар |
| • Биіктігі | 4000 м |
| Сағасы | |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Жетісу облысының Ақсу, Сарқан аудандары |
Бүйен, Биен – Қаратал алабындағы өзен.
Географиялық орны
Жетісу облысының Ақсу, Сарқан аудандары жерінде.
Бастауы
Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстігіндегі 4000 м биіктіктегі мұздықтардан басталып, таулы шатқалдардан сарқырай ағып өтеді де, жазыққа шыға ағысы баяулайды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 120 км, су жиналатын алабы 1200 км2. Бастауында ені 150-170 м тар шатқалмен ағады, Қызылту ауылынан төменірек жерде өзен аңғары 500 — 600 м-ге дейін кеңейеді. Жылдық орташа су ағыны 4,05 м3/с (Сағабиен ауылы тұсында). Суы тұщы (150 — 200 мг/л). Жазықта өзен арнасынан тартылған 12 каналмен егістік, бау-бақша жерлері суарылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Ақсу ауданы өзендері
- Сарқан ауданы өзендері
- Қаратал су алабы