Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қасиманов Садық (12.3. 1905, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы – 6.2.1977, Алматы) – педагог, этнолог, ақын.

Садық Қасиманов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қасиманов Садық (12.3. 1905, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы – 6.2.1977, Алматы) – педагог, этнолог, ақын.

  • 1938 жылы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.
  • 1939 – 60 жылдары мектептерде мұғалім болды.
  • 1960 – 71 жылдары Қазақстан ғылым академиясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

Қасиманов қазақ этнологиясын (қолөнер, ас-тағам, ұлттық ойын, т.б.) зерттеуге көп үлес қосты. Оның

  • “Өс-өс, бөбек” (1961)
  • “Сиқырлы сыбызғы” (1961)
  • “Қазақ халқының қолөнері” (1962; 2-бас., 1969; 3-бас., 1995)
  • “Қазақтың ұлттық ойындары” (1963, телавтор)
  • “Қазақтың ұлттық тағамдары” (1977) сынды еңбектері қазақ халқының тұрмыстық және рухани мәдениетінен молынан мәлімет береді.

Бұл еңбектерде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қажетті үй-жай салу, киім-кешек тігу, азық-түлік дайындау, әсем бұйымдар жасау кәсіптері айтылып, олардың халықтың қоғамдық тарихымен байланысы ашып көрсетілді.

Жоғары