
Бикеш (лат. Vіrgo) — зодиактік шоқжұлдыздың бірі. Оны аспан экваторы шамамен қақ бөледі. Бикештің төңірегінде Вероника шашы, Сиыршы, Жылан, Гидра, Құзғын, Арыстан, т.б. шоқжұлдыздар орналасқан.
Бикештің ең жарық жұлдызы — Спика (жарқырауы 0,98m). Бикеш шоқжұлдызынан радио сәулесінің галактикадан тыс орналасқан қуатты көзі (Vіr A) анықталды. Қазақстанның солтүстік аймақтарында қыс және көктем айларында көрінеді.
Санаттар:
- Зодиак шоқжұлдыздары
- Катастеризмдер
- Бикеш (шоқжұлдыз)