| Ақешкі өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 92 км |
| Су алабының ауданы | 847 км² |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Ошағанды тауы |
| Сағасы | Үшқара таулы етегіндегі құм |
| • Координаттары | 45°33′03″ с. е. 78°14′22″ ш. б. / 45.55083° с. е. 78.23944° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°33′03″ с. е. 78°14′22″ ш. б. / 45.55083° с. е. 78.23944° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Жетісу облысы, Ақсу ауданы |
Ақешкі – Қызылағаш өзенінің сол саласы.
Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Жетісу (Жоңғар) Алатауының батыс сілемдерінің бірі — Ошағанды тауынан басталып, Үшқара таулы етегіндегі құмға жете тартылып қалады.
Гидрологиясы
Ұзындығы 92 км. Су жиналатын алабы 847 км2. Төменгі сағасы қараша-көкек айлары аралығында қатады. Жылдық орташа ағымы 0,43 м3/с. Ауыз суға жарамды, негізінен бау-бақша суаруға пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Ақсу ауданы өзендері
- Қаратал су алабы