Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Энгельс Ғаббасов (17.01.1937, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы -11.07.2014, Орал) - жазушы, қоғам қайраткері. Филология ғылымының кандид

Энгельс Ғаббасов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Энгельс Ғаббасов (17.01.1937, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы -11.07.2014, Орал) - жазушы, қоғам қайраткері. Филология ғылымының кандидаты (1976), доцент (1978). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001).

Орал педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін (1957), Алматы жоғары партия мектебін (1966), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1976) бітірген. 1957-1968 жылдары мұғалім, комсомол жұмысында, 1966 жылдан Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болды. Екі рет ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды.

1995 жылдан Қазақстан жазушылар одағының және халықаралық ПЕН-клубтың мүшесі. Батыс Қазақстан өңіріндегі сынақ полигондарын жабу жолындағы қоғамдық қозғалыстың жетекшісі.

Қарт шопан» атты алғашқы әңгімесі «Простор» журналында (1965) жариялайды. Шығармаларын орыс тілінде жазды.

Шығармалары

  • «Жапандағы жалғыз ағаш» (1976),
  • «Өткен жаз бен осы қыста» (1979),
  • «Ақша қар үстіндегі жасыл жапырақ» (1982),
  • «Кішкентай бала мен екі еркек» (1983),
  • «Махаббат хикаясы» (1986),
  • «Ескірмейтін соқпақ жол» (1989) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Жоғары